05.07.2013, 15:46 9711

Бүгін елімізде ауа-райы құбылмалы болады

Қазақстан аумағының басым бөлігінде атмосфералық фронталдық бөліктердің өтуіне байланысты ауа райының тұрақсыздығы сақталады. Кей жерлерде жаңбыр жауып, күн күркірейді, бұршақ жаууы мүмкін, деп хабарлайды ҚР ТЖМ Қазгидрометке сілтеме жасап.

Астана. 5-шілде. Kazakhstan Today - Бүгін елімізде ауа-райы құбылмалы болады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Қазақстан аумағының басым бөлігінде атмосфералық фронталдық бөліктердің өтуіне байланысты ауа райының тұрақсыздығы сақталады. Кей жерлерде жаңбыр жауып, күн күркірейді, бұршақ жаууы мүмкін, деп хабарлайды ҚР ТЖМ Қазгидрометке сілтеме жасап.

"Жамбыл, ОҚО, Павлодар, СҚО, ШҚО, күндіз Қостанай облыстарының кейбір жерлерінде 15-22 м/с жылдамдықпен жел соғады. Шығыс Қазақстан облысында желдің екпіні 25-28 м/с, ал Алматы облысында 17-22 м/с жетеді, шаңды дауыл тұрады. Қарағанды облысының жекелеген аудандарында желдің екпіні 15-20 м/с болып, күндіз кей жерлерде бұршақ жаууы мүмкін. Ақмола, Маңғыстау облыстарында түнде тұман түседі, Ақмола облысында 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады. Солтүстік-батыста, оңтүстік-шығыста, оңтүстікте және еліміздің орталығында жоғары өрт қауіптілігі сақталады",-деп жазылған хабарламада.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны