01.06.2012, 13:29 3673

Бүгін елімізде шомылу маусымы басталады

Жыл сайын суға кетіп, көз жұмғандардың басым денін арнайыландырылмаған орындарда шомылғандар құрайды. Пайдалануға берілген жағажайлар алдын ала тексеріліп, оның ашылуына дайындық жүреді. Сүңгуірлер өзендер мен басқа да сулардың түбін жіті тексеріп шығады. Тексеруден кейін, жағажайды тәртіпке келтіру үшін қолға алынуы тиіс шаралар бойынша шешім қабылданады. Шомылуға дайындалған жағажайларда түнге шомылуға қатаң тыйым салынған.

Астана. 1-маусым. Kazakhstan Today - Бүгін елімізде шомылу маусымы басталады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚазАқпарат агенттігінің хабарлауынша, шомылу маусымы ресми түрде 1 маусым күні басталады. Дегенмен кейбір адамдар оның басталуына дейін шомыла бастайды.

Жыл сайын суға кетіп, көз жұмғандардың басым денін арнайыландырылмаған орындарда шомылғандар құрайды. Пайдалануға берілген жағажайлар алдын ала тексеріліп, оның ашылуына дайындық жүреді. Сүңгуірлер өзендер мен басқа да сулардың түбін жіті тексеріп шығады. Тексеруден кейін, жағажайды тәртіпке келтіру үшін қолға алынуы тиіс шаралар бойынша шешім қабылданады. Шомылуға дайындалған жағажайларда түнге шомылуға қатаң тыйым салынған.

"Жағажайда медициналық қызметкерлер мен құтқарушылар кезекшілік жасағанымен, қойылған белгілерден асуға болмайды. Бұдан басқа, құтқарушыларды суға мас күйінде шомылғандар әбігерге салады. Қаза болғандардың 30 пайыздан астамы және құтқарылғандардың 70 пайыздан астамы - мас күйінде шомылған адамдар. Үш жыл қатарынан жағдай өзгеріссіз келеді. Статистика бойынша, суға кеткен бес адамның үшеуі мас күйінде болды.

Жағада спирттік ішімдіктерді ішетіндер өздеріне ғана емес, айналадағы адамдарға да зиян келтіреді. Суға лақтырылып, сынған бөтелкелер жарақаттар мен басқа да қайғылы жағдайлардың жиі себебі болуда.

Су жазда балық аулаушылар үшін де қауіпсіз емес. Балықшылар өздерімен бірге жеке құтқару құралдарын, құтқару кеудешелерін немесе құтқару шеңберлерін алып жүруі тиіс.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны