14.12.2015, 08:51 3840

Бүгін еліміздіӊ солтүстік-батыс және шығыс аймақтарында күшті жел соғады

14 желтоқсанда Қазақстанныӊ басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі

Астана. 14 желтоқсан. Kazakhstan Today - 14 желтоқсанда Қазақстанныӊ басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Тек батыс, солтүстік-батыс және шығыс аймақтарда атмосфералық фронттардыӊ өтуіне байланысты тұрақсыз ауа райы болатындықтын, жауын-шашын жауады, кей жерлерінде бұрқасын, тұман, көктайғақ болып, жел күшейеді, деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК, деп хабарлайды inform.kz/ тілшісі.

Шығыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарыныӊ кей жерлерінде бұрқасынмен бірге соққан желдіӊ екпіні 15-20 м/с дейін күшейеді. Павлодар облысыныӊ кей жерлерінде тұман күтіледі.

Алматы облысында Жалаӊашкөл аймағында жел 15-20 м/с күшейеді, түнде кей жерлерінде тұман күтіледі.

Жамбыл, Солтүстіқ Қазақстан, Қарағанды облыстарыныӊ кей жерлерінде тұман болады, жел 15-20 м/с күшейеді.

Батыс Қазақстан, Атырау, Маӊғыстау облыстарыныӊ кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіліп, күндіз Батыс Қазақстан облысында жел 15-20 м/с күшейеді. Қостанай облысыныӊ кей жерлерінде тұман күтіліп, жел 15-20 м/с күшейеді, күндіз бұрқасын болады.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны