10.02.2011, 15:03 3965

Бүгін қазақ халқы КСРО халық әртісі Роза Бағлановамен қоштасады

Бүгін қазақ халқы КСРО халық әртісі Роза Бағлановамен қоштасады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Алматы. 10 - ақпан. Kazakhstan Today - Бүгін қазақ халқы КСРО халық әртісі Роза Бағлановамен қоштасады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бүгін сағат 10.00 Абай атындағы Мемлекеттік академиялық опера және балет театрында КСРО мен Қазақстан Республикасының халық әртісі, Халық Хаһарманы Роза Бағлановамен қоштасу рәсімі өтеді.

Естеріңізге сала кетсек, 8-ақпан күні Алматыда КСРО халық әртісі, атақты қазақ әншісі Роза Бағланова көз жұмған болатын.

Роза Бағланова 1922 жылы 1 қаңтарда туылды. Қызылорда педагогикалық институтында оқыды. 1949 жылдан бастап Абай атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театрында, кейін Қазақ мемлекеттік филармониясында әнші болды. 1960 жылдан бастап Р.Бағланова "Қазақконцерт" Қазақ мемлекеттік концерт бірлестігінің сахнасында өнер көрсетті.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны