23.12.2011, 13:21 3205

Бүгін Қазақстанның басым аумағында қатты аяз болмайды

"Қазгидрометтің" болжауынша, жұма, 23 желтоқсан күні антициклонның ықпалы жалғасатын Қазақстанның басым аумағында аяз бәсеңдейді, елдің тек шығыс бөлігінде аяздар сақталады, деп хабарлайды ҚазАқпарат агенттігі.

Астана. 23-желтоқсан. Kazakhstan Today - Бүгін Қазақстанның басым аумағында қатты аяз болмайды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

"Қазгидрометтің" болжауынша, жұма, 23 желтоқсан күні антициклонның ықпалы жалғасатын Қазақстанның басым аумағында аяз бәсеңдейді, елдің тек шығыс бөлігінде аяздар сақталады, деп хабарлайды ҚазАқпарат агенттігі.

Атап айтқанда, Маңғыстау, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстарында тұман болады. Маңғыстау облысының кей жерлерінде 15-20 м/с күшпен жел соғады.

Атырау облысының жекелеген аумақтарында тұман, көктайғақ, 15-20 м/с жылдамдықтағы жел күтілуде.

Батыс Қазақстан, түнде Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде жел күшейіп, оның екпіні 15-20 м/с-ты құрайтын болады.

Алматы облысының Жалаңашкөл аумағында желдің екпіні секундына 18-23 метр болады.

Алматы, Оңтүстік Қазақстан облыстарының жекелеген аумақтарында қатты аяз сақталады.

Гидрологиялық болжамдарға сәйкес, алдағы тәулікте Қазақстанның сулы нысандарының денінде мұз қату процесі жалғасады. Алматы облысының жекелеген өзендерінде мұз кептелістері, су деңгейінің көтерілуі және су басу жағдайлары күтілуде. Семейдің Ертіс, ШҚО-ның Печи ауылындағы Бұқтырма өзенінде су деңгейінің көтерілуі жалғасуы мүмкін, салдарынан өзен арнасынан тасып, су басу қаупі болуы ықтимал. Сырдарияда Қайрақұм су қоймасынан ағытылатын су көлемінің арттырылуынан Шардара су қоймасына келетін су көбеюі мүмкін.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны