15.04.2011, 14:26 3769

Бүгін Қазақстанның басым аумағында жаңбыр жауып, жел соғады деп күтілуде

Бүгін Қазақстанның басым аумағында жаңбыр жауып, жел соғады деп күтілуде, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Астана. 15 - сәуір. Kazakhstan Today - Бүгін Қазақстанның басым аумағында жаңбыр жауып, жел соғады деп күтілуде, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚазАқпарат агенттігінің "Қазгидрометтің" болжауына сүйене отырып хабарлауынша, 15 сәуір күні Қазақстанның басым аумағының ауа райына өзімен бірге жауын-шашындар, найзағай, шаңды дауыл мен ұйытқыма желдер алып келетін - атмосфералық ағымдар әсер етеді.

Атап айтқанда, бүгін Ақмола облысының кей жерлерінде шаңды дауыл, 15-20 м/с екпінде күшті желдер, түнде жекелеген аумақтарда - тұман күтілуде. Алматы, Жамбыл, Қызылорда, Қарағанды, күндіз Шығыс Қазақстан облыстарының кей өңірлерінде шаң көтеріліп, 15-22 м/с күшпен жел соғады. Түнде Оңтүстік Қазақстан облысында шаң борап, күшті жел тұрады. Оның екпіні кей уақыттары секундына 23 метрге дейін жетуі ықтимал. Ал Солтүстік Қазақстан мен Ақтөбе облыстарының кей аумақтарына тұман түсіп, 15-20 м/с жылдамдықта жел тұрады. Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Қостанай, Павлодар, түнде Атырау облыстарында желдің күші секундына 15-22 метрге жетеді деп болжануда.

Сонымен қатар, Қазақстанның бірқатар облысында өзендердің арналарынан тасуы мен су басу жағдайлары жалғасады.

"Қазгидрометтің" таратқан хабарламасына сәйкес, бүгін Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қостанай, Солтүстік Қазақстан және Ақмола облыстарының өзендерінде көктемгі тасқындардың толқындары мен су деңгейінің күрт көтерілуі жалғасады. Жайық, Шаған, Деркүл, Үлкен және Кіші Өзен, Есіл және Қалқұтан өзендері арналарынан тасып, су басу жағдайлары болады.

Шығыс Қазақстан облысының өзендерінде сондай-ақ су көлемі күрт көтеріліп, қауіпті деңгейге жетеді. Босаған мұз қатпарларының кептелістері болған жағдайда өзен жағасынан асып, су басу қауіпі туындауы мүмкін. Ал Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстарының аласа таулы аумақтарындағы сулы нысандарда еріген қар мен жаңбыр суының тасқындары күтілуде.

Фото: news.mail.ru.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны