11.04.2012, 11:24 3240

Бүгін Қазақстанның басым бөлігінде күн ашық, жауын-шашынсыз болады

Қазақстанның басым бөлігінде күн ашық, жауын-шашынсыз болады, республиканың батысында атмосфералық ағымдардың өтуіне байланысты өткінші жаңбыр жауып, найзағай соғып, екпінді жел соғады, деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК.

Астана. 11-сәуір. Kazakhstan Today - Бүгін Қазақстанның басым бөлігінде күн ашық, жауын-шашынсыз болады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Қазақстанның басым бөлігінде күн ашық, жауын-шашынсыз болады, республиканың батысында атмосфералық ағымдардың өтуіне байланысты өткінші жаңбыр жауып, найзағай соғып, екпінді жел соғады, деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК.

Солтүстік Қазақстан, Жамбыл облыстарында кей жерлерге тұман түсіп, Жамбыл облысында жел жылдамдығы 15-20 м/с дейін жетеді. Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, күндіз Ақтөбе облыстарында кей жерлерде 15-21 м/с жылдамдықпен топырақ аралас жел соғады.

Маңғыстау облысында кей жерлерде найзағай ойнап, тұман түседі. Батыс Қазақстан облысында кей жерлерде жел жылдамдығы 15-20 м/с дейін жетіп, түнде күн күркірейді. Алматы облысында Жалаңашкөл ауданында 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады деп болжануда.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны