21.01.2015, 20:43 4432

Бүгін қазақстанныӊ инженерлік әскерлері кәсіби мерекелерін атап өтуде

Инженерлік әскерлер еліміз Қарулы Күштерінде ерекше орын алады. Соғыс уақытында инженерлер әскерді ұрысты үздіксіз жүргізуге қажетті жағдайды қамтамасыз етеді (көпірлер мен окоптар жасайды, даланы минадан тазартады, жолдар салады және т.б.).

Астана. 21 қаӊтар. Kazakhstan Today - ҚР ҚК ҚИ инженерлік әскерлерініӊ әскери қызметшілері 21 қаӊтар күні өздерініӊ кәсіптік мерекелерін атап өтеді. Бүгін барлық әскери бөлімдерде салтанатты шаралар өтуде. Онда әскердіӊ осы тегіне елеулі үлес қосып, өз істеріне адал атқарып келе жатқан офицер инженерлерге құрмет көрсетіліп, құттықтаулар жолданды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Инженерлер осы 21 қаӊтарды инженерлік әскерлердіӊ құрылған күні деп санайды. Олар осы кәсіби мейрамды 1701 жылы тұӊғыш инженерлер мектебініӊ ашылуымен байланыстырады. Бұл туралы ҚР Қорғаныс министрлігі хабарлады.

Тәуелсіз Қазақстанда инженерлік әскерлер ҚР Қарулы Күштерініӊ құрылу кезінен бастап бар. Бүгінгі таӊда аталған әскерлерде 2 000-нан астам адам қызмет етеді. Искери мамандардыӊ құрамы Құрлық әскерлері Искери институтыныӊ, 10228 әскери бөлімі базасындағы саперлік бригаданыӊ түлектерімен толығып отырады.

Инженерлік әскерлер еліміз Қарулы Күштерінде ерекше орын алады. Соғыс уақытында инженерлер әскерді ұрысты үздіксіз жүргізуге қажетті жағдайды қамтамасыз етеді (көпірлер мен окоптар жасайды, даланы минадан тазартады, жолдар салады және т.б.). Бейбіт уақытта олар түрлі техника мен жұмыс істеу дағдыларын шыӊдап, қару-жарақтыӊ жаӊа түрлерін зерделейді, қажет болған жағдайда табылған жауынгерлік снарядтарды жою, миналарды залалсыздандыру жөніндегі жұмыстарды атқарады.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны