31.08.2012, 12:07 7234

Бүгін түнде Қазақстанның тәулік бойы жұмыс істейтін алғашқы телеарнасы іске қосылады

BNews.kz. ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, бұл туралы жаңа арнаны іске қосуға арналған брифинг барысында ҚР мәдениет және ақпарат министрі Дархан Мыңбай мәлім еткен.

Астана. 31-тамыз. Kazakhstan Today - 1 қыркүйек күні сағат дәл 00:00-де жаңа "Қазмедиаорталық" телерадиокешенінде кабель желілері және жер серігімен тәулік бойы жұмыс істейтін алғашқы отандық арна - "24kz" телеарнасы хабар таратуды бастайды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

BNews.kz. ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, бұл туралы жаңа арнаны іске қосуға арналған брифинг барысында ҚР мәдениет және ақпарат министрі Дархан Мыңбай мәлім еткен.

"Бұл арна бізге CNN, BBC, Euronews арналарының үлгісінде әлемдік стандарттармен жұмыс істеуге мүмкіндік береді. Бұл арна әлемдік стандарттың барлық талаптарына жауап береді", - деді Мәдениет министрі.

Мыңбай медиаорталықтың аппараттық-студиялық кешенінде болып, телеарнаның жұмысқа дайындығын бағалады.

Телеарнаның ресми тұсаукесері 31 тамыздан 1 қыркүйекке қараған түні елордалық телерадио кешені жанындағы алаңда өтеді, телеарна сағат дәл 00:00-де хабар таратуды бастайды.

Телеарна әлемде болып жатқан оқиғалар мен Қазақстандағы жаңалықтар туралы кең ауқымда ақпарат береді. "24kz" "Otau TV" жер серікті телевидениесі арқылы және кабелдік желілерде трансляцияланады. Күн сайын арна 48 жаңалықтар шығарылымы мен 40 ақпараттық-тақырыптық бағдарламаны эфирге шығарады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны