05.06.2008, 18:27 2977

Бүгінгі күні энтеровирус күдігімен ауруханаға жатқызылған 16 баланың 12 үйлеріне жіберілді

Бүгінгі күні энтеровирус күдігімен ауруханаға жатқызылған 16 баланың 12 үйлеріне жіберілді

Астана. 5 маусым. "Қазақстан Бүгін" -Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетінің ақпаратына сәйкес, Алматы облысында энтеровирус жұқпалы індетіне шалдықты деген күдікпен ауруханаға жатқызылған 16 баланың 12-сі үйлеріне жіберілді, олардың ахуалы қанағаттанарлық, деп хабарлайды агенттік ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

"Қалған төрт баланың жағдайы да тұрақты, жуырда олар ауруханадан шығарылады. 2008 жылдың 30 мамырынан кейін дерт ошағында энтеровирус індетіне шалдықты деген күдікпен ауруханаға түскен ешкім жоқ ", - делінегн баспасөз хатында.

"Алматы қаласының ұлттық референс- зертханасына зерттеулерді жасауға жіберілген аурулардың материалдары бойынша қорытындылар әлі дайын емес ", - деп атап өтілген хабарламада.

Жаңа ауруларды болдырмау үшін індет тараған жерде эпидемиологиялық жағдайларға қарсы кешенді шаралар жасалуда.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны