19.04.2012, 11:51 3394

БҰҰ Анджелина Джолидің қызметін жоғарылатты

Ол ресми түрде БҰҰ-ның босқындар мәселесі жөніндегі Жоғарғы комиссары Антонио Гутеррестің басшылығымен жұмыс істейтін болады.

Астана. 19-сәуір. Kazakhstan Today - БҰҰ америкалық актриса Анджелина Джолиді ерікті түрдегі елшіден БҰҰ-ның босқындар мәселесі жөніндегі арнайы елшісі қызметіне жоғарылатты, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚазАқпарат агеттігінің хабарлауынша, ол ресми түрде БҰҰ-ның босқындар мәселесі жөніндегі Жоғарғы комиссары Антонио Гутеррестің басшылығымен жұмыс істейтін болады.

БҰҰ-ның сайтында айтылғандай, Джоли белсенді түрде әлемнің түрлі елдерін аралап, бақытсыздыққа тап болған адамдарға көмек көрсетіп келеді. Жаңа қызметінде актрисаға әр елдің ресми билігінің өкілдерімен жиі қарым-қатынас жасауға тура келеді, демек, тек қайырымдылық қана емес, дипломаттық істерге де араласпақ. "Біз оның қызметі қауіп-қатерге ұшыраған жерлерінен адамдардың жаппай босып кетулеріне байланысты туындаған ауқымды гуманитарлық дағдарыстарды шешуге бағытталады деп ойлаймыз", - деп мәлімдеді босқындар ісі жөніндегі комиссариатта.

Айта кетейік, америкалық актриса он жылдан астам уақыт БҰҰ-ның ерікті елшісі болып жұмыс атқарды, осы жылдар ішінде ол ондаған елде болып, туған ошағын еріксіз тастап кетуге мәжбүр болған мыңдаған адамдарға жәрдем беріп үлгерді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны