30.07.2020, 23:28 8421

COVID-19 және пневмонияны емдеу үшін барлық препараттар толығымен жеткілікті - Алматыдағы провизорлық стационардың директоры

"Егер жеке қорғаныс құралдарын нақты нұсқаулық бойынша қолданса, ковидке қарсы енгізілген тазалық шараларын ұстанса, мұның бәрі ең соңында оң нәтижеге әкеледі. Яғни жұқтыру қаупін жоюға болады" , - деді С.Рахменшеев.

Алматы. 30 шілде. Kazakhstan Today - COVID-19 және пневмонияны емдеу үшін барлық препараттар толығымен жеткілікті. Алматы қаласының Психикалық денсаулық орталығының директоры Сапар Рахменшеев бұл туралы Алматы қаласының өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңындағы сұхбат барысында айтты.

"Біз пневмониямен науқастанған адамдарды сәтті емдеудеміз, оған барлық қажетті препараттар мен медициналық қондырғылардың жеткілікті болуы кепілдік болып отыр", - деп атап өтті орталық директоры.

Алматы қ.Психикалық денсаулық орталығының базасында коронавирус инфекциясын жұқтырған науқастарды қабылдау үшін 350 төсек-орын дайындалған. Орталық директоры ағымдағы жылдың наурызынан стационардың бір жарым мыңнан астам (1800) адамды қабылдағанын, олардың ішінде 152 адамда диагноз расталып, басқа стационарлардың инфекциялық бөлімдерге жіберілгенін хабарлады.

Негізінен аталған орталықта COVID-19, ассоциацияланған пневмониямен, өкпенің орташа ауыр және ауыр деңгейде қабынған науқастар барлық қажетті кешендік емдеуден өтеді.

"Қажетті препараттар тізімі бойынша орталық ешқандай қиындықты сезіп отырған жоқ, олардың барлық көлемі қажеттілігіне қарай толықтырылып отырады. Сонымен бірге, орталық максималды көлемде респираторлық қолдау көрсетеді: ӨЖЖ, оттегі беру үшін Бобров аппараты", - деп хабарлады С.Рахменшеев.

Осылайша, науқастар ҚР Денсаулық сақтау министрлігімен ұсынылған, аурудың асқынуларын ескертетін шаралар кешенін қосқанда, клиникалық хаттамаға сәйкес, қабынуға қарсы, бактерияға қарсы, антикоагулянтты, сонымен бірге, оксигенотерапия қабылдайды.

Пандемия кезінде Алматы қаласы психикалық денсаулық орталығы жан-жақты көмек көрсетуді жалғастыруда.

Бұл туралы Алматы қаласының өңірлік коммуникация қызметінің алаңында Алматы психикалық денсаулық орталығының директоры Сапар Рахменшеев айтты.

Ағымдағы жылдың наурыз айынан бастап, Алматы қаласындағы психикалық денсаулық орталығында Covid-19 ауру белгілері бар науқастарды қабылдайтын провизорлық стационар ретінде 300-ден астам төсек-орын дайындалды. Осы мерзім ішінде аурухана 1800-ден астам адамды қабылдаған. Оның ішінде 152 науқастан коронавирус инфекциясы табылған.

"Бізде өкпе ауруымен түскен орташа, ауыр және өте ауыр жағдайдағы науқастар, яғни пневмониямен ауырғандар емделіп жатыр. Біздің 296 медицина қызметкерлеріміз өз міндеттерін абыроймен атқаруда", - деді С.Рахменшеев.

Сондай-ақ, пандемияға қарамастан, орталықта бұрыннан емделіп жатқан, нашақорға тәуелді және психикалық аурулары бар науқастар, стационарлық және амбулаторлық жағдайда толық емдерін жалғастыруда.

"Біздің орталық психологиялық көмек көрсету бойынша жұмысын тоқтатқан жоқ. Тіркелген барлық пациенттер емдеуді жалғастырып жатыр", - деді ол.

Орталықта тәулік бойы 376-56-60 сенім телефоны жұмыс істейді. Осы нөмірге тұрғындар кез келген уақытта хабарласып, кеңес ала алады.

Рахменшеев Алматы қаласының Психикалық денсаулық орталығының медицина қызметкерлері туралы: тамақпен толық қамтамасыз етілді, қонақ үйде тұрады және төлемдерін алды

Алматы қ. Психикалық денсаулық орталығының провизорлық стационарларының медициналық қызметкерлері тиісті көмекпен толық қамтылған

Бұл туралы Алматы қаласы өңірлік коммуникация қызметі алаңында өткен сұхбат барысында, Алматы қаласы психикалық денсаулық орталығының директоры Сапар Рахменшеев, орталық базасында коронавирус инфекциясын жұқтырғандар үшін құрылған провизорлық стационарда жұмыс істейтін медицина қызметкерлеріне қандай көмек көрсетілгендігі жайлы айтты.

Мемлекет басшысының тапсырмасын орындауда қала әкімдігі тарапынан қауіпті індетпен күресіп жүрген алдыңғы шептегі дәрігерлерге барлық жағдайдың жасалуына ерекше көңіл бөлініп отырғанын еске саламыз.

"Қазіргі уақытта біздің қызметкерлер жалақыларына қосымша үстеме алып отыр. Сонымен қатар тамақпен қамтамасыз етілген. Ал қонақ үйде тұруға өтініш білдірген 30 қызметкер, сонда тегін тұрып жатыр", - деді Сапар Рахменшеев. Сондай-ақ, ол орталықтың барлық медицина қызметкері қажетті жеке қорғаныс құралдарымен қамтамасыз етілгендігін атап өтті.

Ағымдағы жылдың наурыз айынан бастап, Алматы қаласы психикалық денсаулықты сақтау орталығы КВИ белгісі бар науқастары қабылдайтын провизорлық стационар болып бағытын өзгертті. Осы мерзім бойы стационар 1800-ден астам адамды қабылдады. Олардың ішінде 152 адамнан коронавирус инфекциясы табылған. Олар тез арада инфекциялық стационарға емдеуге жіберілді.

Алматыда екі жақты пневмониямен ауырған 87 жастағы науқас емделіп, ауруханадан шықты.

Бұл туралы Алматы қаласы психикалық орталықтың директоры Сапар Рахменшеев, Өңірлік коммуникациялар қызметіне берген сұхбатында айтты.

Бұған дейін, Психикалық орталық базасында коронавирус инфекциясын жұқтырғандарды емдейтін провизорлы стационар құрылған болатын.

"1933 жылы туған әжей бізге ауыр жағдайда келді. Оған екі жақты полисегментті пневмония диагнозы қойылды. КТ өкпенің 64% зақымданғанын көрсеткен болатын.

Сонымен қатар, пациенттің басқа да аурулары болды: созылмалы жүрек ауруы, қант диабеті, артериялық гипертензия және тағы басқа", - деді Сапар Рахменшеев. " Емдеу курсын толыққанды аяқтаған науқас үйіне шығарылды. Әжей барлық медицина қызметкеріне бата беріп, індетпен күресуде ерлік көрсетіп жүрген жандарға алғысын білдірді",- деп дәрігер сөзін толықтырды.

Дәрігердің айтуынша, осы айдың ішінде Орталыққа 55 жастан асқан 207 азамат көмекке жүгінген. Оның 152-сі емделіп шыққан, ал қалғандары емдеуді әлі жалғастыруда.

Күн сайын 8-10-нан астам науқас ауруханаға жатқызылады. Директордың айтуынша, бүгінде ауруханадағы бос төсек-орын саны 33-ке жеткен. Соңғы айда 499 адам емделіп, үйлеріне шығарылған.

Жалпы айтқанда, аурухананың жансақтау бөлімінде- 1 науқастың жағдйы ауыр, 226 науқас орташа ауырлықта, 7 адам қанағаттанарлық жағдайда.

Өзіңнен және басқалардан әлеуметтік қашықтықты сақтауды, маска тағуды талап ету керек - алматылықтарды өз денсаулықтарына бей-жай қарамауға шақыруда

Алматы психикалық денсаулық сақтау орталығының директоры Сапар Рахменшеев, өңірлік коммуникация қызметінің алаңындағы онлайн-сұхбат барасында Алматы тұрғындарына бірқатар кеңестер берді.

Ол қазіргі пандемия кезінде жеке және ұжым болып дезинфекция жасау, алдын-алу шараларын жүргізу қажеттілігіне баса назар аударды.

Елдегі індетпен күресіп жүрген алдыңғы қатардағы дәрігер ретінде, вирустан қорғанбаудың соңы неге алып келетіндігін, немқұрайлылықтың соңы немен бітетіндігін көріп жүрген медицина қызметкері ретінде, қала тұрғындарына эпидемиологиялық қауіпсіздіктің қарапайым ережелерін сақтауды қатаң ескертті.

Мүмкіндігінше қауіпті жерлерге бармау керек. Яғни халық көп жиналатын орындар- қауіпті болып саналады.

Сапар Рахменшеевтің айтуынша, адамдар бір- бірінен әлеуметтік қашықтықты сақтауды талап етулері керек. Міндетті түрде медициналық масканы қолданып, жұмыс орындарын, пәтерлерді және үйлерді жүйелі түрде зарарсыздандырып отыру қажет.

"Егер жеке қорғаныс құралдарын нақты нұсқаулық бойынша қолданса, ковидке қарсы енгізілген тазалық шараларын ұстанса, мұның бәрі ең соңында оң нәтижеге әкеледі. Яғни жұқтыру қаупін жоюға болады" , - деді С.Рахменшеев.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны