27.04.2018, 23:59 2935

Даниал Ахметов: "Жергілікті бюджет есебінен су тасқыныныӊ алдын алу бағдарламасын министрліктерсіз-ақ құрастырамыз"

Даниал Ахметов комиссия құрып, 2 айдыӊ ішінде биыл болған су тасқыны негізінде егжей-тегжейлі "ШҚО жол картасы" жасалуын тапсырды. Оныӊ негізінде ведомствалық нысандарды қаржыландыру қарастырылмақ.

Өскемен. 27 сәуір. KazakhstanToday - ШҚО басшысы Даниал Ахметов бірқатар министрліктер құрастырған бағдарламаны мақсатсыз деп таныды. Мәселен, ішкі істер, ауыл шаруашылығы, энергетика, сондай-ақ, инвестиция және даму министрліктері "Су тасқыны қаупініӊ алдын алу және оларды жою бойынша 2017-2020 жылдарға арналған шаралар кешені" Жол картасына қол қойған. Алайда ШҚО әкімі осы уақыт ішінде ауыз толтырып айтарлық істіӊ жүрмегенін айтады. Бұдан бөлек, оны жүзеге асыру үшін жергілікті бюджеттен қаражат қажет екен. Бұл уақытта өӊірдіӊ өзі мотопомптар мен өрт сөндіру баспалдақтарын алу үшін 500 миллион теӊге бөліп отыр.

- 2020 жылға 2 млрд. 77 млн теӊге жоспарланған, рас па? Оған қаржы қайдан бөлінеді? - деп сұрады облыс әкімі Даниал Ахметов, табиғи ресурстар мен табиғат пайдалануды реттеу басқармасы басшысы Медет Нұрғалиевтіӊ баяндамасын тоқтатып. - 1000 су киімі керек, бірақ бізде бары 5 пайыз ғана. Техникамен қамтамасыз ету деӊгейі өте төмен. Биыл әкімдік тағы да 500 миллион теӊге бөлді. Олай болса, бұл бағдарламаныӊ қажеттілігі бар ма? Не үшін керек? - деп жалғастырды.

Өз кезегінде басшы Жол картасы жасау барысында бірнеше рет жергілікті бюджет мүмкіндіктерініӊ шектеулі екенін айтып ұсыныс білдіргенін жеткізді.

Даниал Ахметов комиссия құрып, 2 айдыӊ ішінде биыл болған су тасқыны негізінде егжей-тегжейлі "ШҚО жол картасы" жасалуын тапсырды. Оныӊ негізінде ведомствалық нысандарды қаржыландыру қарастырылмақ.

- Икімдік ол бағдарламаға қол қойған жоқ. Құжаттарды көтеріп, тексеріӊдер. Бәрі бір ауыздан "жергілікті бюджет төлесін" дейді. Егер жергілікті бюджет болса, онда министрліктерсіз-ақ, өз бағдарламамызды құрастырамыз, - деді ШҚО басшысы.

Даниал Ахметов сонымен қатар, ТЖ басқармасына көшпелі мотопомп, қуаттылығы сағатына 720 текше метр су соратын болатын 4 мотопомп және Өскемен мен Семейге 2 биік өрт сөндіру баспалдағын алу үшін қосымша 500 миллион теӊге бөлу туралы тапсырма берді. Аймақ басшысы, әкімдік тарапынан көмек болады, тек ІІМ, оныӊ ішінде ТЖК де белсенділік танытуы тиіс екендігін тілге тиек етті.

Айта кету керек, келесі жылдан бастап, өзендердегі қауіпті жерлерде мұзды алдын-ала жару жүргізілмек.

ШҚО әкімініӊ баспасөз қызметі

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны