12.02.2018, 20:29 4683

Даниал Ахметов: "Зырянға жыл сайын тым болмағанда 100 пәтерлі үй саламыз"

Қазіргі таӊда Зырянда 1000 тарта азамат үй кезегінде тұр. Өткен жылы 25 жыл ішінде 60 пәтерлі тұрғын үйдіӊ құрылысы басталған еді. Биыл күзде ол қолданысқа беріліп, тұрғындар қоныс тойын тойлайды.

Өскемен. 12 ақпан. Kazakhstan Today - ШҚО Зырян қаласында ондаған жылдар арнасында жүрмеген тұрғын үй құрылысы қарқын алып жатыр. Ауданға арнайы іс-сапармен барған облыс әкімі Даниал Ахметов биыл тағы да 100 пәтерлі үйдіӊ құрылысына облыс бюджетінен қаражат бөлетінін жеткізді. Енді жергілікті билік білек сыбана іске кірісіп, жобалық-сметалық құжатын әзірлесе болғаны.

Қазіргі таӊда Зырянда 1000 тарта азамат үй кезегінде тұр. Өткен жылы 25 жыл ішінде 60 пәтерлі тұрғын үйдіӊ құрылысы басталған еді. Биыл күзде ол қолданысқа беріліп, тұрғындар қоныс тойын тойлайды. Қазіргі таӊда тағы бір 60 пәтерлі үйіӊ жобалық-сметалық құжаты түзетуден өтіп жатыр.

Аудан әкімініӊ есептік жиынында сөз алған аймақ басшысы сондай-ақ, жеке тұрғын үй салғылары келетіндер үшін 20 соттық жер телімі берілетінін жеткізді. Айта кету керек, бүгінде "Нұрлы жер" бағдарламасы бойынша бір стильде жеке тұрғын үйлерді салу қарастырылған.

- Біз тағы 100 пәтерлі үй салу үшін қаражат беруге әзірміз. Оныӊ құны шамалы 800 млн. теӊге. Бұл құрылыс кешеніне серпін берері сөзсіз. Жыл сайын қалаға тым болмағанда 100 пәтерлі үй салып отыруымыз керек. Бұдан бөлек жеке тұрғын-үй құрылысын да дамытамыз. Ол үшін 20 сотттыққа дейін жер телімін бөлуге рұқсат бердім, - деді ШҚО әкімі Даниал Ахметов.

Жеке тұрғын үй салу үшін бүгінде ауданда тиісті аумақ бекітілген. Қажетті инженерлік коммуникация желілері тартылуда. 11 үйдіӊ дайын типтік жобасын да береді жергілікті билік. Бағдарламаға кез-келген ниетті азамат пен тұрғын үй жинақ банкініӊ салымшылары қатыса алады.

ШҚО әкімініӊ баспасөз қызметі

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны