20.04.2018, 23:05 5250

Дархан Кәлетаев "Изірет Сұлтан" мешітіне барды

Осыдан кейін министр имамдар және дінбасылармен кездесу өткізді. Дархан Кәлетаев қоғамдағы рухани құндылықтарды дамыту бойынша тиімді ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізудіӊ маӊыздылығын атап өтті және имамдарды халықтыӊ діни сауаттылығын арттыру жұмыстарына белсенді қатысуға шақырды.

Астана. 20 сәуір. Kazakhstan Today - 2018 жылғы 19 сәуір күні ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрі Дархан Кәлетаев еліміздіӊ бас мешіті - "Изірет Сұлтан" мешітіне барды.

Мешітті аралау барысында министр Бас мүфти Серікбай қажы Оразбен, мешіттіӊ бас имамы Наурызбай қажы Тағанұлы және наиб-мүфти Бауыржан Есмаханмен кездесті. Діни басқарма басшылары мешіттіӊ жұмысымен және оныӊ сәулет ерекшеліктерімен таныстырды.

Дархан Кәлетаев құлшылық бөлмелері мен оқу-ағартушылық бағыттағы топтардыӊ оқу залдарын, сондай-ақ ҚМДБ жанындағы "Хикмет" телеарадио студиясыныӊ жұмысымен танысты.

Осыдан кейін министр имамдар және дінбасылармен кездесу өткізді. Дархан Кәлетаев қоғамдағы рухани құндылықтарды дамыту бойынша тиімді ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізудіӊ маӊыздылығын атап өтті және имамдарды халықтыӊ діни сауаттылығын арттыру жұмыстарына белсенді қатысуға шақырды.

Бұдан бөлек, ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрі Қазақстан мұсылмандары діни басқармасыныӊ жаӊа ғимаратыныӊ құрылысымен танысты.

Мүфтияттыӊ әкімшілік ғимаратыныӊ құрылысы 2015 жылы басталған. Ғимарат "Изірет Сұлтан" мешіте қарама-қарсы орналасқан және шамамен 1,2 гектар жерді алып жатыр. Ғимараттыӊ жалпы ауданы 12 мыӊ шаршы метрді құрайды, жеке бөлмелері, мәжіліс залы және діни қызметкерлер үшін спорт кешені бар. Оныӊ аумағында рухани әдебиеттермен жабдықталған кітапхана және мүфтият қызметкерлеріне арналған жатақхана қарастырылған.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны