22.07.2016, 13:52 4644

"Денсаулық жолы - 2016" акциясыныӊ аясында жылжымалы медициналық кешендер 5 облыстыӊ шалғай аудандарына барады

25-31 шілде аралығында "Денсаулық жолы - 2016" республикалық акциясыныӊ аясында жылжымалы медициналық кешендер (әрі қарай - ЖМК) Қостанай, Павлодар, Батыс Қазақстан, Маӊғыстау, Ақмола облыстарыныӊ шалғай аудандарына барады

Астана. 22 шілде. Kazakhstan Today - 25-31 шілде аралығында "Денсаулық жолы - 2016" республикалық акциясыныӊ аясында жылжымалы медициналық кешендер (әрі қарай - ЖМК) Қостанай, Павлодар, Батыс Қазақстан, Маӊғыстау, Ақмола облыстарыныӊ шалғай аудандарына барады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

25 шілдеде ЖМК Қостанай облысы Сарыкөл ауданы Крыловка ауылына барады.

25-29 шілде аралығында Павлодар облысыныӊ Шарбақты, Ертіс аудандарыныӊ түрғындары терапевт, педиатр, офтальмолог, оталаринголог, стоматолог, гинеколог дәрігерлерініӊ кеӊесін алып, анализдер тапсырып, рентгендік тексеруден өте алады.

Осы кезеӊ аралығында Батыс Қазақстан облысыныӊ Ақжай, Тасқалы, Сырым, Шыӊғырлау аудандарына флюорографиялық тексеру жүргізіледі.

Маӊғыстау облысы Маӊғыстау және Бейнеу аудандарыныӊ тұрғындары 26-27 шілдеде тегін скринингтік тексеруден өтіп, окулист, офтальмолог, терапевт, пульмонолог, кардиолог пен педиатр мамандарынан кеӊес ала алады.

27-29 шілде аралығында Ақмола облысыныӊ Шортанды, Целиноград, Ақкөл аудандарына бейінді мамандардыӊ баруы жоспарланып отыр специалистов (невропатолог, кардиолог, уролог, нефролог, гастроэнтеролог, инфекционист, пульмонолог, ревматолог, травматолог, окулист, логопед және аллерголог).

Естеріӊізге сала кетейік, ағымдағы жылғы 1 шілде мен 31 тамыз аралығында республика бойынша "Денсаулық жолы - 2016" кеӊ көлемді акциясы өтеді. Оныӊ мақсаты - салауатты өмір салтын қалыптастыру және көптеген аурулардыӊ алдын алу мәселелері бойынша ауыл тұрғындарына ақпараттық білім беру және практикалық көмек көрсету болып табылады.

ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігініӊ баспасөз қызметі

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны