27.07.2006, 17:17 2912

"Днепр" зымыран тысығышының нақты құлаған жері бірнеше сағат ішінде анықталады

БАЙҚОҢЫР. 27 шілде. Kazakhstan Today. Орбитаға 18 жер серігімен алғашқы белорус "БелКа" жер серігін алып шығуы тиіс болған "Днепр" зымыран тасығышының нақты құлаған жері бірнеше сағатта анықталады. Бұл жөнінде агенттік тілшісінің сауалдарына жауап берген ҚР президентінің Байқоңырдағы арнайы өкілі Иділбек Бәсекеев мәлімдеген.

И. Бәсекеевтың айтуынша, "қазіргі кезде "Байқоңыр" Федералды ғарыш орталығының әуеде іздестіру ұшағы зымыранның құлаған орнын тексеруде". Зымыранның нақты құлаған орны анықталған сәтте, қосымша ақпарат беріледі", - деді ол.

Осыған дейін хабарланғандай, 27 шілде күні 1 сағат 43 минутта "Байқоңыр" ғарыш айлағынан РС-20 зымыраны бірнеше ғарыш аппаратымен "Днепр" зымыран-тасығышы ұшырылды. Иуеге көтерілген 73 секундында зымыран ұшу орнынан 189,6 шықырым жерге, "Тағай" қыстағынан солтүстік-шығысқа қарай 6 шақырымда құлады деп хабарлайды төтенше жағдайлар Министрлігі.

Зымыран құлаған орынға төтенше жағдайлар Министрлігінің 35 адамынан тұратын жедел топ және 6 техника жөнелтілді.

"Роскосмос" ғарыш орталығының алдын ала ақпаратына қарағанда, оқыс оқиға бірінші баспалдақтағы двигателі межеленген 10 секундта іске қосылмай, штаттан тыс жағдай қалыптасқан, салдарынан екінші баспалдақтағы двигателі іске қосылмады. "Қазіргі кезде телеметриялық ақпаратқа анализ жасалуда. Оқиға салдары тексеріліп жатыр", - деп мәлімдеді Федералды ғарыш агенттігі бастығының орынбасары Юрий Носенко.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны