01.08.2018, 06:59 3918

ДСДРО 2017 жылдыӊ қорытындысы бойынша медициналық ұйымдардыӊ рейтингін жариялады

Рейтингті есептеу үшін индикаторлар ретінде көрсетілетін медициналық қызметтердіӊ сапасы саласындағы 50 жуық еӊ маӊызды көрсеткіштер іріктеліп алынды.

Астана. 1 тамыз. Kazakhstan Today - ДСДРО ішкі және сыртқы аудит нәтижелері, сондай-ақ 2017 жыл бойынша пациенттердіӊ пікірлері негізінде ТМККК шеӊберінде медициналық көмек көрсететін республикалық, облыстық және қалалық деӊгейлердегі медициналық ұйымдарды рейтингтік бағалау қорытындысын шығарды.

Медициналық ұйымдар мен ғылыми орталықтардыӊ жыл сайынғы рейтингі 2016-2019 жылдарға арналған "Денсаулық" Мемлекеттік бағдарламасында қарастырылған және денсаулық сақтау саласындағы қазақстандық ұйымдар қызметініӊ ашықтығын және бәсекеге қабілеттілігін арттыруға бағытталған.

Рейтингті есептеу үшін индикаторлар ретінде көрсетілетін медициналық қызметтердіӊ сапасы саласындағы 50 жуық еӊ маӊызды көрсеткіштер іріктеліп алынды.

2017 жылғы қорытындысы бойынша рейтингті ДСДРО пациентке бағытталған көрсеткіштерге анағұрлым сезімтал болған әдістемені қайта қарағаннан кейін а.ж. маусым айында есептеген.

Идістеменіӊ жаӊа редакциясында ұйымныӊ бейініне байланысты бірқатар жаӊа индикаторлар енгізілген: медициналық ақпараттық жүйені қолдану, дәрігердіӊ 1 мөлшерлемелік орташа айлық ақысыныӊ өӊір экономикасындағы орташа айлық жалақыға арақатынасы, байқау кеӊесініӊ болуы, медицина персоналыныӊ еӊбек жағдайларына қанағаттанушылық деӊгейі, халықаралық және ұлттық аккредиттеудіӊ болуы (ҒЗИ, ҒО үшін), egov платформасы арқылы дәрігердіӊ қабылдауына электронды түрде жазылу мүмкіндігі және басқалар.

Сондай-ақ, рейтингтіӊ балдық жүйесі екі бағыт: клиникалық қызмет және менеджмент деӊгейі бойынша 1-ден 5-ке дейін жұлдыздар беруге ауыстырылды.

Менеджмент көрсеткіштері бойынша сараланған 17 ғылыми-зерттеу институттарыныӊ, ұлттық орталықтардыӊ (бұда әрі - ҒЗИ/ҰО) 3-уі, медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін 168 медициналық ұйымныӊ 5-уі еӊ жоғары 5 жұлдыз алды. Ересектерге арналған 170 қалалық стационар, ересектерге арналған 32 облыстық стационар, балаларға арналған 13 облыстық стационар және балаларға арналған 15 қалалық стационар, сондай-ақ 25 қалалық және 17 облыстық маӊызы бар перзентханалар мен перинаталды орталықтар арасында бірде-бір ұйым еӊ жоғарғы рейтинг алған жоқ.

Клиникалық көрсеткіштер бойынша жүргізілген бағалау нәтижелері бойынша еӊ жоғарғы көрсеткіштері бар санатқа - 5 жұлдыз - 97 қалалық ересектер стационары, 9 облыстық ересектер стационары, 3 - облыстық балалар стационары, 2 - ҒЗИ/ҰО кірді. МСАК ұйымдарыныӊ ішінде 8 медициналық ұйым еӊ үлкен нәтижеге қол жеткізді.

Қалалық маӊызы бар 25 перзентханалар мен перинаталды орталықтардыӊ ішінде клиникалық көрсеткіштер бойынша 6 ұйымға 5 жұлдыз берілді: "Жамбыл облысы әкімдігі Денсаулық сақтау басқармасыныӊ Қалалық перинаталдық орталығы" ШЖҚ МКК, Маӊғыстау облысы Денсаулық сақтау басқармасыныӊ "Жаӊаөзен қалалық перзентханасы" ШЖҚ МКК, Алматы қаласы Денсаулық сақтау басқармасыныӊ "Қалалық перинаталдық орталығы" ШЖҚ МКК, "Аймақтық акушерлік-гинекологиялық орталық" ЖШС, Қостанай облысы Денсаулық сақтау басқармасыныӊ "Арқалық перзентханасы" КМК, ҚР ДСМ "Акушерия, гинекология және перинатология ғылыми орталығы" ШЖҚ РМК.

Сондай-ақ, клиникалық қызметі бойынша 5 жұлдызға 17 облыстық перинаталды орталықтыӊ 6-уы қол жеткізді: Ақмола облысы Денсаулық сақтау басқармасы жанындағы "Перинаталдық орталық" ШЖҚ МКК, Батыс Қазақстан облысыныӊ әкімдігі Денсаулық сақтау басқармасыныӊ "Облыстық перинаталдық орталығы" ШЖҚ МКК, Ақтөбе облысы Денсаулық сақтау басқармасыныӊ "Облыстық перинаталдық орталығы" ШЖҚ МКК, Қостанай облысы Денсаулық сақтау басқармасыныӊ "Қостанай перинаталдық орталығы" КМК, Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасыныӊ "Атырау облыстық перинаталдық орталығы" ШЖҚ КМК, Қызылорда облысы Денсаулық сақтау басқармасыныӊ "Облыстық перинаталдық орталығы" МКҚК.

Қазіргі уақытта Илеуметтік медициналық сақтандыру қоры "Халықтық бақылау" мобильдік қосымшасын іске қосты, онда әрбір пациенттіӊ ТМККК шеӊберінде көрсеткен қызметі үшін медициналық ұйымға өз бағасын қоюға мүмкіндігі бар. Осылайша, объективті көрсеткіштер негізінде жасалатын ДСДРО-ныӊ жыл сайынғы рейтингіне қосымша "Халықтық бақылау" мобильдік қосымшасы жыл бойы пациенттермен кері байланыс жасаудыӊ жылдам әдісі болып табылады.

ДСДРО-ныӊ медициналық ұйымдар рейтингі - бұл медициналық ұйымдарды қызмет көрсету сапасын үздіксіз жоғарылатуға ынталандыру. тұтынушыларды ақпараттандыру арқылы сондай-ақ, ол пациенттердіӊ саналы түрде дәрігерді немесе медициналық ұйымды таӊдауына мүмкіндік береді.

Экономикалық Ынтымақтастық және Даму Ұйымыныӊ (ЭЫДҰ) ҚР денсаулық сақтау жүйесі туралы 2018 жылғы есебінде халықаралық сарапшылар қызмет ДСДРО жүргізетін медициналық ұйымдарды рейтингтік бағалауды тұтынушыларды хабардар ету және медициналық ұйымдар қызметініӊ айқындығын арттыру құралы ретінде жоғары бағалады және қолдады.

Рейтингтік бағалау нәтижелерімен http://www.rcrz.kz/index.php/ru/2017-03-12-10-51-29/rejting-med-organizatsij сілтемесіне өтіп, ДСДРО сайтында толығырақ танысуға болады.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны