10.10.2007, 18:50 3108

Душанбеде 2007-2010 жылдарға арналған Көгалдандыру концепциясы бекітілді

Душанбеде 2007-2010 жылдарға арналған Көгалдандыру концепциясы бекітілді.

Душанбе. 10-қазан. "Қазақстан Бүгін" - Душанбеде "2007-2010 жылдарға арналған көркейту және көгалдандыру бағдарламасы" Концепциясы бекітілді, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

Қала әкімшілігінің баспасөз хатшысы Шавкат Саидовтың хабарлауынша, бұл туралы шешімді үстіміздегі жылдың қаңтарында жарияланған байқаудың қорытындысы бойынша Душанбенің мэрі Махмадсаид Убайдуллаев қабылдады.

Баспасөз қызметінің мәліметтеріне сүйенсек, Концепцияны Тәжікстан Республикасының Ғылым академиясының Ботаника институтының Ботаникалық бақ және қаланы көркейту бас басқармасының мамандары әзірлеген. Астананың Көркейту бас басқармасына бағдарламаны кезең-кезеңмен жүзеге асыру жоспарын, шығын сметасын әзірлеп, қаланың Қаржы бас басқармасына ұсыныс енгізу тапсырылған.

"Байқаудың жеңімпазына сыйақы ретінде тағайындалған 15 мың сомони Тәжікстан Республикасының Ауылшаруашылығы және табиғатты қорғау министрлігінің Өсімдіктану басқармасының бас маманы Мизробхон Дехконовқа, Душанбенің Көркейту бас басқармасы бастығының бірінші орынбасары Абдулло Фозилджоновқа, Тәжікстан Республикасының Ғылым академиясының өсімдік физиологиясы және генетика институты директорының орынбасары Абдували Ганиевқа, Тәжікстан Республикасының Ғылым академиясының Ботаника институтының Ботаникалық бағының ғылыми қызметкері Акрам Ашуровқа табыс етіледі",- деп атап өтті Ш. Саидов.

Астаналық аудандырдың төрағаларына Бағдарлама негізінде аудандық бағдарлама әзірлеп, өздерінің аймақтарындағы кәсіпорын, мекеме және ұйымдардың басшыларымен бірлесе отырып қатаң түрде Концепцияға сәйкес жүзеге асыру міндеті қойылды.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны