22.12.2014, 14:33 3444

ЕАЭО аясындағы зияткерлік меншік саласында Қазақстан үш халықаралық шартқа қол қояды - Б.Имашев

Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердіӊ аумақтарындағы тауар белгілері, қызмет көрсету белгісі және тауардыӊ шығарылған жерініӊ атауы туралы шартқа қол қою күтілуде.

Астана. 22 желтоқсан. Kazakhstan Today - Қазақстанда Еуразиялық экономикалық одақ аясында 2015 жылы зияткерлік меншік саласындағы үш шартқа қол қойылады, деп хабарлады бүгін ҚР Парламенті Мәжілісіндегі Үкімет сағатында ҚР әділет министрі Берік Имашев, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

"Келісім-шартты іске асыру үшін 2015 жылдыӊ ішінде 3 халықаралық құжатқа қол қою жоспарланып отыр", - деді Б.Имашев, , деп хабарлайды www.primeminister.kz тілшісі.

Осылайша, Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердіӊ аумақтарындағы тауар белгілері, қызмет көрсету белгісі және тауардыӊ шығарылған жерініӊ атауы туралы шартқа қол қою күтілуде. Бұдан өзге, зияткерлік меншік нысандарына құқықтарды қорғау жөніндегі әрекеттерді үйлестіру туралы шарт жасалады.

Сондай-ақ, ұжымдық негізде авторлық және сабақтас құқықтарды басқару тәртібі туралы келісімге қол қою жоспарланып отыр.

"Бұл келісім авторлық сыйақыны жинаудыӊ, бөлудіӊ және төлеудіӊ бірыӊғай тәртібін белгілеуді көздейді. Келісім жобасында жиналған сыйақыны бөлу тәртібі мен мерзімі жазылады, ол жылына кем дегенде бір рет жүзеге асырылуға тиіс", - деп баса айтты ол.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны