13.09.2016, 10:08 2287

ЕЭК құпия ақпаратты қорғау тәртібі туралы келісімге енгізілетін түзетулерді мақұлдады

Өзгерістер Еуразиялық экономикалық одақ туралы Шарттыӊ ережелеріне сәйкес құжатты сәйкестікке енгізумен қатысты болды.

Астана. 13 қыркүйек. Kazakhstan Today - Еуразиялық экономикалық комиссияныӊ коллегиясы құпия ақпаратты қорғау және бәсекелестік туралы бірыӊғай ережелерініӊ сақталуын қадағалау комиссиясы өкілеттіктерін жүзеге асыру кезінде оны жария еткені үшін жауапкершілік туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттаманыӊ жобасы мақұлдады.

Өзгерістер Еуразиялық экономикалық одақ туралы Шарттыӊ ережелеріне сәйкес құжатты сәйкестікке енгізумен қатысты болды, деп хабарлайды ЕЭК баспасөз қызметі.

Хаттаманыӊ мақұлданған жобасы, сонымен қатар Армения Республикасыныӊ осы Келісімге қосылуы туралы Хаттаманыӊ жобасы Одақ елдеріне жіберілді.

"Осы халықаралық келісімніӊ қабылдануы Еуразиялық экономикалық одақ елдерініӊ субъектілеріне қатысты бәсекелестіктіӊ бірыӊғай ережелерініӊ сақталуын бақылау үшін өкiлеттiктерiн жүзеге асыруы кезінде Арменияныӊ қатысуын қамтамасыз етеді",-деді ЕЭК Бәсекелестік және монополияға қарсы реттеу министрі Нұрлан Алдабергенов.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны