10.02.2011, 13:28 3507

Египеттегі наразылық шаралары қайта қарқын ала бастады

Египеттегі наразылық шаралары қайта қарқын ала бастады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Алматы. 10 - ақпан. Kazakhstan Today - Египеттегі наразылық шаралары қайта қарқын ала бастады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Египетте мыңдаған шерушілер президент Хосни Мубарактың отставкаға кетуін талап етіп, Каир орталығына жиналды, деп хабарлайды РБК агенттігі.

Наразылық шаралары Тахрир алаңының сыртына дейін шығып кеткен. Жүздеген адам Парламент пен Үкімет ғимараттарын, сондай-ақ басқа мемлекеттік мекемелерді қоршап алған.

Осындай қарсылық шаралары Мысырдың басқа да өңірлерінде бой көтерген. Атап айтқанда, елдің оңтүстігіндегі Ил-Харга қаласында қарсылық білдірушілер мен қауіпсіздік күштері арасында болған қақтығыстардан 3 адам көз жұмып, 100-ге жуық азамат жарақат алған.

Естеріңізге сала кетсек, Египет президенті Хосни Мубарактың отставкаға кетуін талап еткен шерушілердің наразылық шарасы 2011 жылдың 25-қаңтарынан бері жалғасуда.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны