09.07.2018, 19:48 3725

eGov.kz порталыныӊ Telegram-ботындағы қызметтердіӊ саны өсті

Естеріӊізге салсақ, 21-ші мамырда "ҰАТ" АҚ Басқарма Төрағасы Исет Тұрысов 4 еӊ танымал қызметтерді (мекенжай анықтамасы, жылжымайтын мүліктіӊ болуы немесе болмауы туралы анықтама, сотталғандығы болуы не болмауы туралы анықтама, жеке тұлғаныӊ заӊды тұлғаларға қатысуы туралы анықтама) жеӊілдетілген түрде алуға мүмкіндік беретін Telegram-боттыӊ іске қосылуын хабарлаған.

Астана. 9 шілде. Kazakhstan Today - "Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ @EgovKzBot Telegram-ботында электрондық үкімет порталыныӊ қосымша 3 қызметтіӊ іске қосылғанын хабарлайды.

Енді бот көмегімен азаматтар келесі қызметтерді ала алады:

o Жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар (ауыртпалықтар) туралы анықтаманы алу;

o Илеуметтік мәртебені тексеру;

o Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемініӊ мөлшері туралы ақпаратты алу.

Азамат "Мобильдік азаматтар базасында" тіркеліп, яғни өз телефон нөмірін eGov.kz порталыныӊ Жеке кабинетінде бекітіп, Telegram мессенджердегі ботқа жазылуы қажет. Қызметтерді алу үшін @EgovKzBot чатында алдын-ала белгіленген бұйрықтарды орындай отырып, сұранысты SMS-код арқылы растау керек. Сондай-ақ, сұрау салудыӊ нәтижесін азаматтыӊ электронды поштасына жіберу мүмкіндігі де бар.

Естеріӊізге салсақ, 21-ші мамырда "ҰАТ" АҚ Басқарма Төрағасы Исет Тұрысов 4 еӊ танымал қызметтерді (мекенжай анықтамасы, жылжымайтын мүліктіӊ болуы немесе болмауы туралы анықтама, сотталғандығы болуы не болмауы туралы анықтама, жеке тұлғаныӊ заӊды тұлғаларға қатысуы туралы анықтама) жеӊілдетілген түрде алуға мүмкіндік беретін Telegram-боттыӊ іске қосылуын хабарлаған.

Қазіргі таӊда Telegram-ботқа 7016 азамат жазылды, олар 6107 анықтамаға сұраныс жасады.

@EgovKzBot көмегімен қызметтерді алу кезінде туындаған сұрақтарды тәулік бойы тегін кеӊес беретін 1414 Бірыӊғай байланыс орталығына жолдауға болады.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны