01.07.2015, 09:56 3187

"Эйр Астана" әлемніӊ қаржы орталықтарына жаӊа бағыттар ашады

Қазақстан өзініӊ тиімді географиялық орналасуыныӊ арқасында Еуропа мен Азия елдерін байланыстыратын көпір іспетті. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев жариялаған Ұлт жоспарын іске асыру арқылы Қазақстан ірі көлік-логистикалық хабқа айналмақ

Астана. 01 Шілде. Kazakhstan Today - Қазақстан өзініӊ тиімді географиялық орналасуыныӊ арқасында Еуропа мен Азия елдерін байланыстыратын көпір іспетті. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев жариялаған Ұлт жоспарын іске асыру арқылы Қазақстан ірі көлік-логистикалық хабқа айналмақ, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

"Эйр Астана" компаниясыныӊ кейінгі жұмысыныӊ бағдары әлемніӊ негізгі қаржы орталықтарына (Нью-Йорк, Токио, Сингапур) жаӊа бағыттар ашу болып табылады. Аталған компанияны дамыту "ҚТЖ" ҰК" АҚ балама бағыттарын дамыту жоспарларымен сәйкестендіріліп, соныӊ арқасында жүк тасымалдау бағасы екі еседен артық төмендейді, деп хабарлайды astana.gov.kz тілшісі.

Айта кетейік, "ҚТЖ" ҰК" АҚ "Қорғас - Шығыс қақпасы" АЭА салудыӊ соӊғы кезеӊін бастады. Компанияныӊ баспасөз қызметініӊ хабарлауынша, көлік-логистикалық кешен алаӊында басқа да нысандар құрылысы аяқталып қалды. Жақын арада кедендік рәсімдеу орталығы және контейнерлік терминалдар қолданысқа енгізіледі.

Көлік-логистикалық кешен құрылысы жалғасады. 2016 жылы халықаралық "Батыс Еуропа - Батыс Қытай" көлік дәлізімен ұштасатын автокөлік жолы пайдалануға беріледі.

Қазіргі таӊда "ЭйрАстана" елордадан Сеул, Париж және Тбилиси қалалары бағыттарында халықаралық рейстерді жүзеге асыруда.

Еске сала кетейік, 29 наурызда "Эйр Астана" әуе компаниясыныӊ "Боинг-757" әуе кемесі Астанадан Парижге алғаш рет тікелей ұшты. Жалпы, Астанадан Парижге 71 адам, Парижден Астанаға 54 адам сапар шеккен. Рейс аптасына үш рет (сәрсенбі, жұма, сенбі) қатынайды, ұшу уақыты - 7 сағат.

Бұрын хабарланғандай, жақын арада "Эйр Астана" компаниясы Дубай және Гонконгпен тікелей әуе байланысын орнатпақ. 2016 жылы әуе компаниясы Жапония астанасы Токио қаласына бағыт ашады. Ал, 2019 жылы қазақстандықтар Нью-Йорк қаласына тікелей ұшу мүмкіндігіне ие болады.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны