18.05.2023, 17:32 21111

Екібастұздағы көшеде ағып жатқан ыстық су тоқтатылды

18 мамыр күні сағат 06.30-да Мәшһүр Жүсіп көшесі бойындағы диаметрі 820 мм №-2 жылу магистралінің жөндеу жүріп жатқан учаскесіндегі бекіткіште ақау анықталған
Құбырдың бекіткіші орнатылды, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz қала әкімшілігіне сілтеме жасай отырып.

Қалалық әкімдіктің баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, бекіткіш орнатылып, өшірілген учаскелерді суға толтыру жүргізілуде.

- Қалада 215 үйде ыстық су бар. Бірақ оларға ыстық төмендетілген параметрмен берілген. Анықталған ақауды толық жойғаннан кейін параметр қалпына келтіріледі, - деді баспасөз қызметінде.

Айта кетейік, ақау шыққан бөлікте үйдерде онсыз да ыстық су болмаған. Өйткені жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқан.

Еске салайық, Екібастұзда көше бойында ыстық су ағып жатқаны түсірілген видео әлеуметтік желіде таралған болатын.

Екібастұз қаласы әкімі баспасөз қызметінің мәліметінше, 18 мамыр күні сағат 06.30-да Мәшһүр Жүсіп көшесі бойындағы диаметрі 820 мм №-2 жылу магистралінің жөндеу жүріп жатқан учаскесіндегі бекіткіште ақау анықталған.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны