14.01.2009, 17:35 2811

Екібастұзда бюджеттік қолдау есебінен балабақшалардың төлемі 40%-ға төмендейді

Екібастұзда бюджеттік қолдау есебінен балабақшалардың төлемі 40%-ға төмендейді

Павлодар. 14 қаңтар. "Қазақстан Бүгін"- Екібастұзда бюджеттік қолдау есебінен балабақшалардың төлемі 40%-ға төмендейді. Бұл туралы Екібастұз әкімінің орынбасары Айзада Құрманова хабарлады.

Оның айтуынша, бұл мақсатқа қалалық бюджеттен 74 млн 377 мың теңге бөлінді.

Бұған дейін балабақша төлемі айына 7911 теңге болса, енді ол 4800 теңге болмақ.

Қазір Екібастұзда 22 балабақша бар, оларда 4545 бөбек тәрбиеленеді. Жуырда тағы 520 орынға 2 балабақша ашу жоспарлануда.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны