08.01.2008, 17:56 2913

Екібастұзда республиканың отын-энергетикалық саласындағы мамандарды даярлайтын орталық ашылады

Екібастұзда республиканың отын-энергетикалық саласындағы мамандарды даярлайтын орталық ашылады

Павлодар. 8 қаңтар. "Қазақстан Бүгін" - Екібастұзда биылғы жылы республикалық отын-энергетикалық мамандарын даярлайтын аймақ-аралық кәсіби оқу орталығының құрылысы басталады, деп хабарлады агенттік тілшісіне Екібастұз қаласы әкімінің баспасөз қызметі.

"Құрылыс көктемде басталып, 2009 жылы тапсырылады. Онда елден келген 700 адам дәріс алатын болады. Изірге, Қазақстанның аймақтары бойынша арнайы квоталарды бөлудің нақты тәртібі жасалмаған, ол жыл аяғына дейін дайын болады", - деп атап өтті баспасөз қызметіндегілер. Сондай-ақ, Павлодарда металлургиялық кәсіпорындар үшін мамандар даярланатын орталық ашылады.

Павлодарда құрылатын оқу орталықтарымен бірге, жыл сайын жұмысшы мамандарын даярлаудың мемлекеттік тапсырысы 30 пайызға ұлғайып отырады. Болжамдар бойынша, 2015 жылға қарай аймақтағы кәсіпорындарға 93 мың маман қажет болады. Еңбекпен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар жөніндегі аймақтық департаментінің ақпараты бойынша, жаңа кәсіпорындар іске қосылғаннан кейін (былтыр электролиздік зауыты іске қосылды) аймақта кәсіби білікті мамандар тапшылығы байқалады. Мамандар атап өткеніндей, кәсіби лицейлер мен колледждерде дайындалатын мамандар сапа мен сан жағынан кәсіпорындардың сұранысынан артта қалып отыр.

Облыстың бастапқы кәсіби білім беру оқу орындарымен 2007 жылы 3 мың маман шығарылды. Ал аймақтық экономиканың сұранысы бойынша 10,8 мың маман қажет.

Павлодар облысында өткен жылдың қазан айында, аймақтағы еңбек нарығындағы тапшылықты 8-10 жыл аралығында төмендету үшін, кәсіби мамандарды дайындайтын арнайы бағдарлама қабылданды. Бағдарламаны іске асыру мерзімі 2008-2010 жылдар арналған. Аймақтың жоспарлаған бюджет шығыны 3,9 млрд теңгені құрайды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны