11.06.2008, 19:00 2813

Екінші Сангтудин су электр станциясының құрылыс мерзімі 1 жылға қысқартылады

Екінші Сангтудин су электр станциясының құрылыс мерзімі 1 жылға қысқартылады

Душанбе. 11 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Екінші Сангтудин су электр станциясының құрылыс мерзімі 1 жылға қысқартылады, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі "Азия-Плюс" ақпарат агенттігіне сілтеме жасай отырып.

Тәжік-Иран қатынастарының қазіргі жағдайы мен боашағы Тәжікстан президенті Эмомали Рахмонның Иран Ислам Республикасының Тәжікстандағы төтенше және өкілетті елшісі Алиасгар Амир Шердустпен кездесуі кезінде қарастырылды.

Мемлекет басшысымен болған кездесуден кейін Иран дипломатының журналистерге хабарлағанындай, кездесу барысында мәдениет, саясат, әлеуметтік сала, сондай-ақ, гуманитарлық ынтымақтастық саласындағы екіжақты қатынас мәселелері талқыланған. "Кездесу барысында Тәжікстаннан Ауғанстан арқылы Иранға электр желісін, автомобиль және темір жолдарды салу, парсы тіліндегі телеарна құру жобаларын талқылау ерекше орын алды", - деп атап көрсетті Шердуст.

"Екінші Сангтудин су электр станциясының құрылысы жайлы сауалға түсініктеме беру кезінде иран елшісі оның жоспар бойынша 2012 жылы аяқталуға тиіс екенін еске салып, алайда, Тәжікстан президентінің өтінішімен құрылыс мерзімі 1 жылға қысқартылғанын мәлімдеді", - деп хабарлайды "Азия-Плюс".

Сонымен қатар, оның айтуынша, өңірлік және халықаралық сипаттағы мәселелер де талқыланған. Олар алдағы Иран Ислам Республикасының президенті Махмуд Ахмадинеджадтың биылғы тамыз айында болатын Тәжікстанға сапары барысында талқыланатын мәселелерді де қозғаған.

Иранның Шанхай ынтымақтастық ұйымына толыққанды мүшелікке өту болашағы жайындағы сұраққа түсініктеме бере тұрып, дипломат Иранға осы мәселе бойынша қолдау білдіргені үшін Тәжікстанға ризашылығын білдірді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны