15.07.2015, 14:24 3376

Экс-премьер С.Ахметов және өзге де бұрынғы лауазымды тұлғаларға қатысты қылмыстық іс сот өндірісіне қабылданды

Бұрынғы премьер-министр Серік Ахметов және Қарағанды облысыныӊ өзге де бұрынғы лауазымды шенеуніктеріне қатысты қылмыстық ісі сот өндірісіне қабылданды. Бұл туралы Қарағанды облысы бойынша қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотыныӊ баспасөз қызметінен хабарланды

Қарағанды. 14 Шілде. Kazakhstan Today - Бұрынғы премьер-министр Серік Ахметов және Қарағанды облысыныӊ өзге де бұрынғы лауазымды шенеуніктеріне қатысты қылмыстық ісі сот өндірісіне қабылданды. Бұл туралы Қарағанды облысы бойынша қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотыныӊ баспасөз қызметінен хабарланды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

"Іс сот өндірісіне қабылданды. Істі судья Исламхан Есенбаев қарайды. Иуелі іс бойынша алдын ала тыӊдау тағайындалады. Негізгі сот тамыз айында басталады деп күтілуде", делінген хабарламада, деп хабарлайды inform.kz тілшісі.

Бұған дейін Қарағанды облыстық прокуратурасы хабарлағандай, бақылау органы бұрынғы премьер-министр С.Н.Ахметовке, облыстыӊ экс-әкімі Б.Т. Ибдішевке, Қарағанды қаласыныӊ экс-әкімі М.А. Смағұловқа және басқа да облыс әкімшілігініӊ лауазымды қызметкерлері мен бизнесмендерге қатысты қылмыстық іс материалдарын зерделеуді аяқтады. Сыбайлас жемқорлық ісі бойынша барлығы 21 адам тергелуде. Олар қызмет бабын асыра пайдаланды, бюджет қаражатын ұрлады және кәсіпкерлік қызметке заӊсыз араласты деген айыптар тағылған.

Сондай-ақ, С.Н. Ахметов аса ірі көлемде пара алғандығы үшін де айыпталып отыр. Қылмыстық іс материалдары 300-ден астам томнан тұрады.

"2015 жылғы 13 шілдеде жоғарыда аталған адамдарға қатысты қылмыстық іс мәні бойынша қаралуы үшін Қарағанды облысы бойынша қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына жолданды. Айыпталушылар сотқа берілді", делінген хабарламада.

Тергеу нұсқасы бойынша, С.Ахметов 1 млрд. теӊгеден астам бюджет қаражатын жымқырып, 2,4 млн. АҚШ доллары көлемінде пара алған.

Еске сала кетейік, С.Ахметов сегіз айдан бері үй қамақта. Тергеу оқшаулағышында сотты тағы бес адам күтуде. Олардыӊ ішінде облыстыӊ бұрынғы әкімі Б.Ибдішев, Қарағандыныӊ бұрынғы әкімі М.Сұмағұлов бар. Қалған қатысушыларға қатысты қоғамнан оқшаулаудан тыс бұлтартпау шаралары қабылданды.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны