29.06.2016, 20:49 3879

Елбасы Шығыс Қазақстан облысына жұмыс сапарыныӊ қорытындысы бойынша БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

Қазақстан Президенті Шығыс Қазақстан облысы еліміздіӊ ірі өнеркәсіптік өӊірініӊ бірі екенін және қазіргідей күрделі жағдайда жақсы өсім қарқынын көрсетіп отырғанын атап ө

Астана. 29 маусым. Kazakhstan Today - Қазақстан Президенті Шығыс Қазақстан облысы еліміздіӊ ірі өнеркәсіптік өӊірініӊ бірі екенін және қазіргідей күрделі жағдайда жақсы өсім қарқынын көрсетіп отырғанын атап өтті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

- Мен облысқа ел Тәуелсіздігініӊ 25 жылдығында келіп отырмын. Өнеркәсіптік өндіріс өсімі биылғы 5 айда 39% болғаны, ауыл шаруашылығы 13%-ға өскені, ал еӊбекақы 11%-ға ұлғайғаны қуантады, - деді Мемлекет басшысы. Бұл туралы Ақорданыӊ баспасөз қызметі хабарлады.

Нұрсұлтан Назарбаев өӊірде индустриялық бағдарламаныӊ, сондай-ақ "Нұрлы жол" бағдарламасы аясында автомобиль жолдары құрылысыныӊ тиімді жүзеге асырылып жатқанын айтып, облыстыӊ өнеркәсіптік әлеуетіне тоқталды.

- Мұнда "Қазмырыш", "Қазақмыс", Өскемен титан-магний комбинаты, Үлбі металлургия комбинаты, еӊ ірі су электр стансасы сияқты еліміздіӊ жетекші кәсіпорындары орналасқаны мәлім, - деді Қазақстан Президенті.

Мемлекет басшысы жұмыс сапарыныӊ бірқатар негізгі тұстарына тоқталып өтті.

- Мен біздіӊ машина жасау индустриямыздыӊ алғашқы қарлығашы - "Азия АВТО" кәсіпорнына бардым. Қазақстан ешқашан автомобиль шығармаған еді, ал қазір бізде құрастыру өндірісі жолға қойылды. Дамыған автомобиль индустриясы бар көптеген ел нақ осы құрастырудан бастаған. Сосын мамандар даярлап, жергілікті қызметкерлер үлесін ұлғайтып, біртіндеп төл өндірісін іске қосты, - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Мемлекет басшысы шетелде оқып келіп, бүгінде отандық кәсіпорындарда жұмыс істеп жатқан жас мамандардыӊ үлесін атап өтті.

Қазақстан Президенті "100 мектеп, 100 аурухана" мемлекеттік бағдарламасы аясында іске қосылған облыстық Қан орталығы сияқты әлеуметтік мекемелер қызметініӊ маӊыздылығын айтты.

- Бұл нысан денсаулық сақтау саласы үшін өте маӊызды, халық та мұны түсініп, қан өткізу үшін топ-топ болып келіп жатыр, - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Соӊында Мемлекет басшысы облыстыӊ жалпы қалыпты дамып келе жатқанын, ал түйткілді мәселелер жүйелі шешімін табатынын айтты.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны