02.09.2007, 18:09 3158

Елбасының қатысуымен өтетін интерактивтік сабақтар Ақтөбе облысының 40 мектебінде өтеді

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен өтетін интерактивтік сабақтар 3-ші қыркүйекте Ақтөбе облысының 40 мектебінде өтеді.

"ҚАЗАҚСТАН БҮГІН". 2 қыркүйек. АҚТӨБЕ. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен өтетін интерактивтік сабақтар 3-ші қыркүйекте Ақтөбе облысының 40 мектебінде өтеді, деп хабарлайды "ҚАЗАҚСТАН БҮГІН" агенттігінің тілшісіне Ақтөбе облысының ішкі саясат департаментінен.

Мектеп оқушылары елбасымен тікелей хабарласа алатын интерактивтік сабақтар 19 қалалық және 21 аудандық мектепте өтеді.

"Бүгінде он-лайн режимінде сабақ өткізуге дайындық жұмыстары аяқталған",- деп хабарлады департаменттегілер. Барлық мектептерде арнайы құрылғылар: веб-камералар, проекторлар, компьютерлер мен модемдер орнатылған, деп атап өтті олар.

Ақтөбенің кейбір мектептерінде оқушылармен бірге сабаққа аймақ басшылары да қатысады. "Мысалы, облыс әкімі Елеусін Сағындықов таңертеңнен бастап № 21 қалалық орта мектепте болады",- деп нақтылап өтті департаменттегілер.

Ақтөбе облысында барлығы 460 мектеп бар.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны