09.04.2015, 10:24 4383

Елімізде бүгін күн ашық болады

Қазгидромет хабарлағандай, Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарыныӊ кей жерлерінде тұман түседі, күндіз жел 15-20 м/с-қа дейін күшейеді

Астана. 9 сәуір. Kazakhstan Today - Еліміздіӊ басым аумағы бүгін антициклонныӊ ықпалында қалатындықтан ауа райы ашық болады, тек батыс және солтүстік батыста кей жерлерде жаӊбыр жауып, тұман түседі, жел күшейеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Қазгидромет хабарлағандай, Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарыныӊ кей жерлерінде тұман түседі, күндіз жел 15-20 м/с-қа дейін күшейеді, деп хабарлайды bnews.kz тілшісі.

Жамбыл облысында түнде кей жерлерде тұман түсіп, күндіз желдіӊ жылдамдығы 15-20 м/с-қа дейін күшейеді.

Маӊғыстау, Ақтөбе облыстарында, күндіз Батыс Қазақстан облысыныӊ кей жерлерінде15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады.

Павлодар, Қостанай облыстарында, түнде және таӊертеӊ Шығыс Қазақстан облысыныӊ кей жерлерінде тұман түседі.

Алдағы күндері республиканыӊ батысы, солтүстігі және орталығындағы кей өзендерде су деӊгейі көтеріледі деп болжануда.

Қарағанды облысында Сарысу өзені арнасынан тасып, су басуы мүмкін.

Шығыстағы өзендерде де су деӊгейі күрт көтеріледі деген болжам жасалуда.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны