11.03.2012, 14:21 3584

Еліміздегі ең жоғары жалақы Атырау, ең төменгі жалақы Солтүстік Қазақстан облысында тіркелді

2012 жылғы қаңтар айындағы бір қызметкердің орташа айлық жалақысы 92191 теңгені құрады және бұл өткен жылғы тиісті аймен салыстырғанда 19,0 пайызға, нақты көріністе 12,4 пайызға өсті.

Астана. 11-наурыз. Kazakhstan Today - Еліміздегі ең жоғары жалақы Атырау, ең төменгі жалақы Солтүстік Қазақстан облысында тіркелді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бұл туралы ҚР Статистика агенттігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

ҚазАқпарат агенттігінің хабарлауынша, 2012 жылғы қаңтар айындағы бір қызметкердің орташа айлық жалақысы 92191 теңгені құрады және бұл өткен жылғы тиісті аймен салыстырғанда 19,0 пайызға, нақты көріністе 12,4 пайызға өсті.

Агенттік мәліметтеріне сүйенсек, салалық құрылымда жалақының ең үлкен мөлшері кәсіби, ғылыми және техникалық қызметте - 176,1 мың теңге (орташа республикалық деңгейден 1,9 есеге асады), қаржы және сақтандыру қызметінде - 172,4 мың теңге (1,9 есе), кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазуда 164,9 мың теңге (1,8 есе) сақталуда. Ал ең төменгі жалақы ауыл, орман және балық шаруашылығындағы қызметкерлерде белгіленді. Ол - 42,0 мың теңге болып отыр. Бұл ел бойынша орта көрсеткіштен 54,5 пайызға төмен.

Сонымен қатар, өңірлік бөліністе ең жоғары жалақы Атырау облысында белгіленіп, бұл 171,6 мың теңгені құрады. Аталған көрсеткіш орташа республикалық көрсеткіштен 1,9 есеге асады. Солтүстік Қазақстан облысында мұның шамасы 64,0 мың теңгені құрады және бұл ел бойынша орташа деңгейден 30,6 пайызға төмен.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны