26.10.2006, 11:39 2962

Еліміздің денсаулық сақтау министрі Оңтүстік Қазақстан облысында балалардың ВИЧ індетін жұқтыруына қазір табылмай отырған донорлардың бірі себепкер деп санайды

ШЫМКЕНТ. 26-қазан. Kazakhstan Today. Еліміздің денсаулық сақтау министрі Анатолий Дерновой Оңтүстік Қазақстан облысында балалардың ВИЧ індетін жұқтыруына қазір табылмай отырған донорлардың бірі себепкер деп санайды, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

"Тексерістен өткен донорлардың арасынан ВИЧ індетін жұқтырған жан табылмады. Қазір табылмай отырған донорлардың бірі кесапатқа себепкер деп санаймыз. Жеті донордың мекен-жайы табылмай отыр",- деді А.Дерновой кеше Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен облыста өткен атқамінерлердің кеңесінде. "Біз қазір қанға генетикалық тексерулер жүргізіп жатырмыз. Сол себепті аурудың таралуына себепкер болған адамды табамыз",- деп мәлімдеді министр.

А.Дерновойдың айтуынша, қазір 194 донор тексеруден өткізілді. Жетеуінің жүрген жері әзірге белгісіз. Оларды құқық қорғау қызметкерлері іздестіріп жатыр.

Облыс прокуроры Марат Ахметжановтың айтуынша, қан сатуды кәсіпке айналдырған медициналық қызметкерлердің үстінен үш қылмыстық іс қозғалды. "Делдалдар ролін атқарған медицина қызметкуерлерінің ата-аналарға белгілі бір бағаға қан сатып алуды ұсыну дерегі мәлім болды ,- деді ол. - Қазір біз бұл қанның қайдан екенін анықтап жатырмыз". "Қазіргі жағдаймен тізімде бар 194 донор тексерілді. Бірақ қазір дәл осы донорлардың қаны ма, жоқ па деген қарама-қарсы тексеру жүргізіліп жатыр",- деді ол.

Өз тарапынан мемлекет басшысы балалардың ВИЧ індетін жұқтыруына кінәлі адамдар лайықты жаза жүктеуге тиіс деп мәлімдеді. "Балалардың ВИЧ індетін жұқтыру деректеріне қатысты тексеру жұмыстары аяғына дейін жеткізілуі тиіс. Кінәлі әрбір адам лайықты жаза жүктеуге тиіс",- деп мәлімдеді Н.Назарбаев.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, Оңтүстік Қазақстан облысында 78 баладан ВИЧ індеті анықталды. Қазір 17 лауазым иесіне қатысты 13 қылмыстық іс қаралуда. Тергеудің басты жорамалы аурухана аясында ауру зарарлы қанды ауыстырып құю немесе бір мәрте қолданылатын медициналық аспаптарды бірнеше мәрте пайдалану салдарынан болған дегенге саяды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны