31.08.2006, 11:10 7005

Еліміздің солтүстік, шығыс және орталық өңірлерінде күн суытады - Қазгидромет

АСТАНА. 31-тамыз. Kazakhstan Today. Еліміздің солтүстік, шығыс және орталық өңірлерінде күн суытады. Осы жөнінде "Қазгидромет" РМК бейсенбіде ескерту жариялады.

Күн райын қадағалаушылардың болжамына сәйкес, 31-тамыз бен 1-қыркүйекте Солтүстік Қазақстан және Ақмола облыстарында, 31-тамыз бен 1-2 -қыркүйекте Қарағанды және Павлодар облыстарында түнде 0- минус 1 градусқа дейін күн суытады деп күтілуде. Шығыс Қазақстан облысында сынап бағанасы 2-қыркүйекте минус 2 градусқа дейін төмендемек.

Ал 31-тамызда Астанада топырақтың беткі қабатында қатқақ болады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны