29.06.2015, 10:50 3214

Елордалық ІІД қызметкерлері "ізін суытпай" қала аумағында тонау және қарақшылық жасағаны үшін Өзбекстан Республикасыныӊ 31 жасар азаматын құрықтады.

24 маусым Астана қаласы ІІД 22 жасар Астана тұрғыны белгісіз біреудіӊ пышақпен қорқытып, күш көрсету арқылы жеке мүлкі мен ақшаны алып кеткендігі жөнінде арызданды

Астана. 29 Маусым. Kazakhstan Today - 24 маусым Астана қаласы ІІД 22 жасар Астана тұрғыны белгісіз біреудіӊ пышақпен қорқытып, күш көрсету арқылы жеке мүлкі мен ақшаны алып кеткендігі жөнінде арызданды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Тергеу іс-шараларын жүргізу барысында анықталғандай, 23-нен 24 маусымға ауған түні Абылай хан даӊғылы қиылысында, сауда үйініӊ маӊында, белгісіз біреу автокөлік салонына басып кіріп, жәбірленушініӊ мойынына пышақ төсеп, жәбірленушініӊ және оныӊ танысыныӊ алтын бұйымдары мен ақшасын алып, қылмыс орнынан жасырынған.

Сол түні қаскүнем жасаған әрекетін тоқтатпай, Күйші Дина көшесінде күш қолданып, 26 жасар әйел азаматшаныӊ құны 120.000 теӊге сомадағы (ұялы телефон) жеке мүлкін ашық түрде ұрлап кеткен.

Аталмыш фактілер сотқа дейінгі тергеулерді бірыӊғай тіркеуіне алынды. ҚР ҚК "қарақшылық" және "тонау" бабтары бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Құрықталған күдікті кінәсін мойындады. Дәлел заттар - пышақ, ұялы телефон тәркіленді. Сонымен қатар, күдіктініӊ Астана қаласыныӊ аумағында жасалған басқа да қылмыстарға қатыстығы анықталуда. Астана қаласы Алматы аудандық сотыныӊ шешімен күдіктіге қатысты қамауға алу бұлтартпау шарасы қолданылды. Қазіргі уақытта құрықталған тергеу изоляторына жабылды.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны