25.09.2006, 13:02 2740

Елордасы әкімшілігінде ауыс-түйістер болады деп күтілуде

АСТАНА. 25-қыркүйек. Kazakhstan Today. Елордасына жаңа әкім тағайындалуға байланысты қала әкімшілігінде ауыс-түйістер болады деп күтілуде, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

"Осы аптада қалалық барлық департамент төрағалары есеп береді. Соның нәтижесіне қарай жетекшілердің кәсіби біліктілігі тексеріледі. Соған байланысты жаңа тағайындаулар болатынын өздеріңіз түсініп отырған боларсыздар",- деп мәлімдеді бүгін Елордасы әкімшілігінде болған шұғыл кеңесте Астананың жаңа әкімі Асқар Мамин.

"Икімшіліктегі ауыс-түйістер қаланың тыныс-тіршілігіне әсер етпейді",- деді А.Мамин.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны