02.10.2006, 14:32 3173

Елордасында инженерлік коммуникацияларды алдын-ала дайындамайынша, құрылыс салуға тыйым салынады

АСТАНА. 2-қазан. Kazakhstan Today. Елордасында таяу уақыттарда инженерлік коммуникацияларды алдын-ала тартып алмайынша , нысан құрылысын сала бастауға тыйым салынады, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

"Қазір жиі кездесетіні сияқты жылу және электр желілері тартылмай тұрып құрылысты салуға рұқсат беріп келген тәжірибеге ендігі жерде тыйым салынады. Біз ең алдымен дұрыс жағдай жасап алып барып құрылысты салуға рұқсат беруге тиіспіз",- деп мәлімдеді бүгін өткен кеңесте Астана қаласының әкімі Асқар Мамин.

"Біз бөлген көптеген жер телімдерінде инженерлік коммуникациялар жоқ болып шығу деректерімен бетпе-бет келдік. Біз осынау кереғар тәжірибеден бас тартуға тиіспіз",- деп мәлімдеді ол.

А.Маминнің айтуынша, қазіргі жағдаймен жер телімдеріне өтініштер қабылдаумен шұғылданған екі комиссия да жойылды. "Біз заңды және жеке тұлғалармен жұмыс тәртібін жеңілдеттік. Қазір бұл іспен бір комиссия ғана айналысады. Оның жұмыс регламенті нақты белгіленеді",- деді әкім.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны