03.04.2007, 17:13 3193

Эмомали Рахмон Тәжікстан тұрғындары түрлі той-томалақтар өткізуге өте көп қаржы жұмсайды деп санайды

ДУШАНБЕ. 3- сәуір. Kazakhstan Today. Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон Тәжікстан тұрғындары түрлі рәсімдер мен той-томалақтар өткізуге өте көп қаржы жұмсайды деген пікірде, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

"Алдын-ала жасалған мәліметтер бойынша, ел тұрғындары жыл сайын әртүрлі артық рәсімдер мен басқа да іс-шараларға 1 миллиардттан астам АҚШ долларын жұмсайды, бұл әрине отбасының бюджетіне шығын әкеледі",- деді Э. Рахмон 24-мамырда өтетін ғылым қайраткерлерімен, дін басыларымен, мемлекеттік биліктің атқарушы органдары мен облыстардың, қалалардың, аудандардың құқық қорғау органдарының бастықтарымен рәсімдер мен әдет-ғұрыптарды бір ретке келтіру мәселесі жөніндегі кездесуіне дайындалуға қатысты кешегі жұмыс кеңесінің барысында.

"Мемлекет басшысы мұндай іс-шараларды ретке келтірудің басты мақсаты халықтың салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрпын жалғастыруға кедергі жасау емес, шығынға батыратын артық іс-шаралардың таралуының алдын алу және халықтың өмір сүру сапасы мен деңгейін көтеруге көмек көрсетумен қорытындыланады, деп атап өтті",- деп хабарлады тәжік мемлекет басшысының баспасөз қызметінен.

Э. Рахмон бірінші кезекте мемлекеттік қызметкерлерді, билік органдарының басшыларын "бұл істе бастама көтеріп, үлгі көрсетуге" шақырды.

"Президент нақты міндеттер қоя отырып, қоғамның пікірін зерделеу үшін, халықтың ұсыныстары мен тілектерін жинау үшін, мұсылман елдеріндегі халықтың әдет-ғұрпын зерделеу үшін, халықтың әдет-ғұрпының ғылыми және діни негіздерін зерттеу үшін, сонымен қатар ел үкіметінің мақсаттарын насихаттау үшін билік органдарының жауапты қызметкерлерінің, ғылым және мәдениет қайраткерлерінің, ғалым - дін иелерінің арасынан арнайы жұмыс тобын құруды тапсырды",- деп хабарлады баспасөз қызметі.

Э. Рахмон сондай-ақ жастар, әйелдер және отбасы, мәдениет ісі жөніндегі органдардың, БАҚ-тың осы бағыттағы іс-қызметін жандыруға қатысты міндеттер қойды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны