08.02.2018, 16:00 5370

Еӊ үздік бизнес-жобалар "Garage" стартап-инкубаторына таӊдап алынады

Іс-шараныӊ ашылуына ҚР ақпарат және коммуникация министрі Дәурен Абаев қатысты. Ол Astana Hub халықаралық IT-стартаптар технопаркін құру идеясы "Цифрлық Қазақстан" мемлекеттік бағдарламасы аясында қамтылғанын, сондай-ақ, жоба тұжырымдамасы халықаралық тәжірибені зерттеу негізінде дайындалғанын атап өтті.

Астана. 8 ақпан. Kazakhstan Today - Бүгін стартап-жобаларды инкубациялауға арналған "Garage"тегін бағдарламасы іске қосылды. Осы бағдарлама көмегімен сарапшылар ісін жаӊадан бастап жатқан кәсіпкерлерге тұрақты бизнес-модельдерді құрып, оларды дамытуға көмектесетін болады. 3 айға созылатын бұл жоба қатысушыларды 2018 жылдыӊ қыркүйегінде басталатын акселерациялық бағарламаныӊ келесі кезеӊіне дайындамақ. Байқауға қатысу үшін 150-ден аса өтінім келіп түсіп, олардыӊ ішінен еӊ үздік жобалар іріктеліп алынды.

Іс-шараныӊ ашылуына ҚР ақпарат және коммуникация министрі Дәурен Абаев қатысты. Ол Astana Hub халықаралық IT-стартаптар технопаркін құру идеясы "Цифрлық Қазақстан" мемлекеттік бағдарламасы аясында қамтылғанын, сондай-ақ, жоба тұжырымдамасы халықаралық тәжірибені зерттеу негізінде дайындалғанын атап өтті.

Astana Hub халықаралық IT-стартаптар технопаркініӊ басшысы Мағжан Мәдиев "Garage" және "C-Lab" стартап-бағдарламаларыныӊ қазіргі нәтижелерімен бөлісті.

"Аталған бағдарламалар аясында біз идея және прототип кезеӊінде тұрған стартап-командалармен жұмыс жүргіземіз. "Garage" преакселерациялық бағдарламасына бізге 151 өтінім келіп түсті, олардыӊ ішіндегі 43 жоба Demo Day-ге өткізілді. Еӊ басты талап жобаныӊ ауқымын кеӊейтуге болатындығымен байланысты. "C-lab" бағдарламасына 100-ден аса өтінім жіберілді. Бүгін қатысушылар алғаш рет корпорациялармен кездесіп отыр, ары қарай командалармен етене жұмыс жүргізіліп, ақпараттық сессиялар, жеке кеӊес берулер өткізіледі, идеяны дамытып, оныӊ прототипін жасайтын боламыз. Жазда жобаларды тестілеп, компаниялардыӊ базасында іске қосқалы отырмыз", - деп атап өтті Мәдиев мырза.

"Garage" бағдарламасы аясында командалар өз стартабыныӊ идеясын тестілеп, еӊ кем дегенде жұмысқа жарайтын өнімді (MVP) жасап шығаруға, алғашқы клиенттерді тартып, өз жобаларын инвесторларға таныстыруға мүмкіндік алмақ. Инкубатордыӊ ерекшелігі - оны кәсіпкерлердіӊ өзі басқа кәсіпкерлерге арнап құрып отырғандығында.

Бағдарлама СтивБланктыӊ "lean startup" - үнемшіл стартап деп аталатын әдіснамасына негізделген. Қатысушылар командаларға бөлініп, олардыӊ әрқайсысы өз идеясын таныстырады. Тәлімгерлер ретінде қатысатын бизнесмендер өз қол астына алатын команданы таӊдап алады. Егер бірнеше тәлімгер бір команданы таӊдайтын болса, шешімді командыӊ өзі жасамақ.

Бүгін әрбір команда өз бизнес-жобасын таныстырады, ал кешке олардыӊ ішіндегі үздіктері "Garage" стартап-инкубаторына қатысу үшін таӊдап алынады. Осылайша ісін жаӊадан бастаған кәсіпкерлер тәжірибелі тәлімгерлердіӊ қол астында жобаны басқару, өнім жасау және маркетинг жөнінде тегін білімдергі игеруге мүмкіндік алады.

Сондай-ақ, қатысушылар жоба аясында бағдарлама жасаушылар, дизайнерлер, маркетологтар сынды мамандардыӊ қызметтеріне қол жеткізеді, сондай-ақ, олар шапшаӊ интернет, жарнама жасау үшін серіктестердіӊ берген купондары (Google Adwords, Facebook ads), бұлттық сервистер (Amazon web services, Microsoft, Adobe) сынды барлық қажетті құралдармен қамтамасыз етілген EXPO аумағындағы кеӊсені пайдалана алады. Стартап-жобаларды таныстырумен қатар, ашылу салтанаты аясында жастар арасында кәсіпкерлік мәдениетті дамыту және отандық бизнесті халықаралық нарыққа шығару тақырыбына арналған екі панельдік сессия өтті.

Unilever зерттеуіне сәйкес 2025 жылға қарай корпорациялар мен стартаптар қоян-қолтын жұмыс жүргізбек. Сондықтан "Garage" жобасына қоса, "C-lab зертханасы" деп аталатын тағы бір стартап-жоба іске қосылды. Бұл зертханада стартаптар корпорациялармен етене жұмыс жасап, нақты міндеттерді шешуге және ұзақ мерзім бойы жұмыс жүргізуге мүмкіндік алады. Astana Hub жобаны MOSTбизнес-инкубаторымен бірлесе жүзеге асырып жатыр.

MOST бизнес-инкубаторыныӊ бас директоры Алим Хамитов жоба жөнінде былай деп атап өтті: "Бүгінгі күні "Сентрас" компаниялар тобы, "Сбербанк" АҚ, UNICEF Kazakhstan, "Қазпошта" АҚ, "Astana Innovations" АҚ сынды компаниялар біздіӊ серіктестеріміз болып табылады. Аталған компаниялар жобаға қызығушылықтарын білдіріп, стартаптар алдына міндеттер қойып, олармен бірлесе өнімдерді дамытуға дайын. Бағдарлама аясында шешімдердіӊ прототипі жасалады. 10-ға тарта "пилоттық жоба", сондай-ақ, корпорациялар мен стартаптардыӊ 2-3 коммерциялық өнімі іске қосылады деп күтіп отырмыз".

"C-lab зертханасы" - корпоративтік сектор мен стартаптар арасын жалғайтын алаӊ. Бағдарламаныӊ мақсаты - жаӊа идеялар мен сервистерді іздеу және корпоративтік сектордыӊ стартаптармен байланысын дамыту. 5 ақпан күні Astana Hub базасында осы бағдарламаға қатысатын жобалар іріктеліп алынды. Алдағы үш айда "C-lab" зертханасы компаниялармен бірлесе отырып, командаларға идеяларды жасап шығаруға көмектесіп, ақпараттық сессияларды өткізіп, командаларға жеке кеӊес берумен айналысып, прототиптерді жасап шығарады. Еӊ үздік жобалар тестілеу сатысына өткізіліп, жүзеге асыру жөнінде шарт жасасуға мүмкіндік алмақ.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны