28.02.2008, 10:30 2224

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі зейнетақыны көтеру әдістемесін қайта қарастыруы мүмкін - Сапарбаев

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі зейнетақыны көтеру әдістемесін қайта қарастыруы мүмкін - Сапарбаев

Астана. 28-ақпан. "Қазақстан Бүгін" - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі зейнетақыны көтеру әдістемесін қайта қарастыруы мүмкін. Бұл жөнінде ақпараттық семинар барысында тілшілерге министр Бердібек Сапарбаев хабарлады.

Министрдің айтуынша, зейнетақыны көтеру әдістемесі қайта қаралған күннің өзінде ол зейнеткерлердің белгілі бір тобын ғана қамтымақ.

"Егер қажет болса, біз қазіргі әдістемеге тиісті өзгертулер мен толықтыруларды енгіземіз. Бұл, әсіресе, ауыл шаруашылығында, білім беру мен денсаулық сақтау салаларында жұмыс істеп, 1991 - 1993 жылдары зейнеттік демалысқа шыққан зейнеткерлерге қатысты болмақ. Қазір біз бұл мәселені қарастырып жатырмыз", - деп мәлімдеді Б. Сапарбаев.

Сонымен қатар, министр биыл көтерілген зейнетақы қайта қарастырылмайтынын ескертті.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны