22.12.2015, 15:49 3650

Есік қаласында кәсіпкер әйелдіӊ үйіне қарақшылық шабуыл жасаған топтыӊ соӊғы күдіктісі ұсталды

Үш жыл бұрын болған қылмыстық іс материалдарына сәйкес, 2012 жылдыӊ 15 тамызында Еӊбекшіқазақ ауданыныӊ Есік қаласында бетін бүркеген, қолдарына қолғап киіп алған белгісіз топ жергілікті кәсіпкер әйелдіӊ үйіне қарақшылық шабуыл жасаған болатын

Алматы. 22 желтоқсан. Kazakhstan Today - Үш жыл бұрын болған қылмыстық іс материалдарына сәйкес, 2012 жылдыӊ 15 тамызында Еӊбекшіқазақ ауданыныӊ Есік қаласында бетін бүркеген, қолдарына қолғап киіп алған белгісіз топ жергілікті кәсіпкер әйелдіӊ үйіне қарақшылық шабуыл жасаған болатын, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Қылмыскерлер қорқыту жолымен үйдегі зергерлік бұйымдар және шетелдік валютамен жалпы сомасы 1 150 000 теӊге көлеміндегі ақшаны алып кеткен, деп хабарлайды inform.kz тілшісі.

Полицейлер бір айдыӊ ішінде күдіктілердіӊ бірініӊ тұлғасын анықтап, оны ұстады. Ол жергілікті колледждіӊ студенті болып шықты. Қарақшылықтыӊ қалған екі қатысушысына құқық қорғаушылар мемлекетаралық іздеу жариялады. 2015 жылдыӊ басында РФ Шешенстан аумағында күдіктілердіӊ тағы біреуі ұсталып, қазіргі уақытта Қазақстанға экстрадицияланды.

"Криминалдық полиция қызметкерлерініӊ ұйымдастырған жедел-іздеу шараларыныӊ барысында соӊғы күдікті кеше Есік қаласында туыстарыныӊ бірініӊ үйінде қолға түсті. Ұсталған ер адам полицияға жеткізіліп, сұрастырылуда", - деп хабарлады Алматы облыстық ІІД-ніӊ өкілі Көбейхан Нұрахмет.

Еӊбекшіқазақ АІІБ-ныӊ тергеушілері ҚР ҚК 179-бабыныӊ 3-бөлімімен қарастырылған іс бойынша тергеу жүргізуді жалғастыруда. Ұсталған адамдар қамауда отыр.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны