06.06.2013, 11:38 4324

Есірткі саудасымен айналысқан көп балалы әйел құрықталды

Алматы облысының Шамалған станциясында героин саудасымен айналысқан 34 жастағы тұрғын қолға түсті.

Астана. 6-маусым. Kazakhstan Today - Есірткі саудасымен айналысқан көп балалы әйел құрықталды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Алматы облысының Шамалған станциясында героин саудасымен айналысқан 34 жастағы тұрғын қолға түсті.

Облыстық ІІД баспасөз қызметінің хабарлауынша, полицейлер нашақор әйелді біраздан бері бақылауға алған болатын.

"Ийелдің кәмелетке толмаған төрт баласы бар. Ең кішісі небәрі бір жарым жаста. Ал, ері бірнеше рет сотталған", - делінген хабарламада.

Күдікті кінәсін толық мойындап, оның үстінен қылмыстық іс қозғалды.

"Кішкентай балалардың тағдыры не болары белгісіз. Балалар екі әкеден туған. Олар өз балаларын қамқорлыққа алуы да мүмкін. Ийтпесе, оларды балалар үйіне тапсыруға тура келеді", - делінген хабарламада.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны