31.03.2008, 12:22 3347

Еуразиялық медиафорумның ұйымдастыру комитеті төрайымының онлайн баспасөз мәслихаты өтеді

Еуразиялық медиафорумның ұйымдастыру комитеті төрайымының онлайн баспасөз мәслихаты өтеді

Алматы. 31 наурыз. "Қазақстан Бүгін" - 3 сәуір күні сағат 12.00 мен 14.00 аралығында танымал http://bb.ct.kz интернет-ресурсында Еуразиялық медиафорумның ұйымдастыру комитеті төрайымы Дариға Назарбаеваның онлайн баспасөз мәслихаты өтеді, деп хабарлайды агенттік Еуразиялық медиафорумның баспасөз хатшысына сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, екі сағаттық конференция барысында Д. Назарбаева Еуразиялық медиафорумды өткізуге қатысты сауалдарға жауап беріп, алдағы форумда талқыланатын өзекті тақырыптар, оған қатысатын танымал тұлғалар жайлы сөз қозғайды.

"Техникалық себептерге байланысты конференцияға тек тіркелген тұтынушылар ғана қатыса алады. Еуразиялық медиафорумның ұйымдастыру комитеті төрайымына сауал қою үшін конференция басталғанға дейін сайтта тіркелу керек", - деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Алматыда сәуірдің 24 мен 25 күндері өтетін дәстүрлі Еуразиялық медиафорумды өткізудегі мақсат - саясаткерлердің, журналистер мен сарапшылардың өңірдегі саяси тұрақтылық пен қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі жаңаша көзқарастарды іздеуде қазіргі дамудың өзекті проблемалары мен оған БАҚ-тың әсері жөнінде еркін әрі ашық диалог өрбітуге септігін тигізуге саяды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны