30.01.2008, 10:56 1682

Еуропа 2007 жылы туристердің ең тартымды аймағы болды- Дүниежүзілік туристік ұйымы

Еуропа 2007 жылы туристердің ең тартымды аймағы болды- Дүниежүзілік туристік ұйымы

Алматы. 30 января. "Қазақстан Бүгін" - Еуропа 2007 жылы туристердің ең тартымды аймағы болды. Бұл туралы Дүниежүзілік туристік ұйымының "Илемдік туризмнің барометрі" атты баяндамасында айтылған, деп хабарлайды агенттік Біріккен Ұлттар ұйымының ақпарат орталығына сілтеме жасай отырып.

Көрсетілген мәліметтер бойынша, саяхатшылардың 50 % немесе 480 млн адам Еуропа елдерін аралап шыққан. Бұл 2006 жылғы көрсеткіштерден 19 млн артық. Өткен жылы Түркия, Греция, Португалия, Италия мен Швейцария елдерінде туризм саласының ауқымы ұлғайғандығы байқалды.

Баяндамада көрсетілгеніндей, Таяу Шығыс елдеріне былтырғы жылы барған саяхатшылардың саны 2006 жылмен салыстырғанда 5 млн көтеріліп, 46 млн адамға жетті. Ал Солтүстік Америкамен танысып қайтқандардың саны алты миллионға көтерілсе, Африка елдерін аралаған саяхатшылар саны 3 млн өсті.

Туристік ұйымның деректері бойынша, өткен жылы басқа елдерге саяхатшылық жасап қайтқандар саны 2006 жылмен сәйкестендіргенде 52 млн көтеріліп, 900 млн адамды құрады.

Соңғы екі жылда туристік ұйымдар саны 100 миллионға артты. Ал 1950 жылы шетелге 20 миллион адам ғана саяхат жасайтын.

Сарапшылардың топшылауы бойынша, әлемде болып жатқан экономикалық дағдарыстардан саяхатшылық көлемі азаюы ықтимал.

Бас ассамблея 2003 жылы БҰҰ мен Дүниежүзілік туристік ұйымы арасында келісімді мақұлдаған болатын. Енді ДТҰ БҰҰ жүйесіндегі арнайы мекеме ретінде әлемдік туризмді қолдап, ортақ мақсаттарды орындауға септігін тигізеді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны