12.06.2008, 10:19 1372

Еуропалық Одақ Каспий өңіріндегі энергетикалық дипломатияны жалғастырды

Еуропалық Одақ Каспий өңіріндегі энергетикалық дипломатияны жалғастырды

Алматы. 12 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Еуропалық Одақ Каспий өңіріндегі энергетикалық дипломатияны жалғастырды, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі Neftegaz.RU ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып.

Каспий іскерлік интеграциялық клубының отырысында Еуропалық Одақтың Изербайжандағы төтенше және өкілетті елшісі Алан Вадамстың мәлімдегеніндей, қазіргі уақытта Еуропалық Одақтың энергетика жөніндегі комиссары Андрис Пибалгс сапармен Түркіменстанда жүр. Осыдан кейін оның Бакуге сапары күтіліп отыр.

Еврокомиссардың мақсаты Түрікмен газының Изербайжан арқылы Еуропаға тасымалын қамтамасыз етуге бағытталған. Бұл ретте Еуропада Изербайжан өзінің аумағы арқылы Қазақстан мен Түрікменстан энергия көздерінің тасымалдануына саналы түрде қарсылық білдіруде деген пікір қалыптасқан. Изербайжан үкіметі транзиттік саясатының коммерциялық құрамдас бөлігін еврокомиссарға түсіндіру үшін біраз тер төгуге тура келеді, деп атап көрсетілген ақпарат көзінің хабарламасында.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны