04.01.2013, 14:53 2998

Foreign Policy версиясы бойынша Путин дүниежүзінің ең ықпалды азаматы атанды

BNews.kz ақпараттық агенттігінің РБК агенттігіне сілтеме жасай отырып хабарлауынша, Ресей көшбасшысы тізімде екінші орынға ие болды, ал бірінші орын ешкімге бұйырған жоқ.

Астана. 4-қаңтар. Kazakhstan Today - Беделді саяси Foreign Policy журналының версиясы бойынша РФ Президенті Владимир Путин дүниежүзінің ең ықпалды азаматы атанды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

BNews.kz ақпараттық агенттігінің РБК агенттігіне сілтеме жасай отырып хабарлауынша, Ресей көшбасшысы тізімде екінші орынға ие болды, ал бірінші орын ешкімге бұйырған жоқ.

Тізімді жасауға арналған мақалада бүгінгі жағдайда, яғни "дүниежүзінің ең қиын проблемаларын шешу жауапкершілігін кімге жүктейтінін анықтау кезеңінде".

Мақала авторы В.Путиннің екінші орнына түсініктеме жасай отырып, ешбір адам өз уысында бұндай билікті ұстап отырған жоқ деді.

Ықпалды азаматтар тізімінде В.Путиннен кейін АҚШ Федералды резервтік жүйе басшысы Бен Бернанаке, Германия канцлері Ангела Меркель, АҚШ президенті Барак Обама, ҚХР Компартиясының Бас хатшысы Си Цзиньпин бар.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны