17.02.2021, 19:35 7505

Фототұзақтар "Көлсай көлдері" Ұлттық паркінде сирек кездесетін аюды түсірді

Бейнеролик ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Фейсбуктегі парақшасында жарияланған.
Алматы. 17 ақпан. Kazakhstan Today - Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген Тянь-Шань қоңыр аюы Алматы облысындағы "Көлсай көлдері" мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің аумағындағы фототұзаққа түсті, деп хабарлайды Kazakhstan Today.
 
Бейнеролик ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Фейсбуктегі парақшасында жарияланған.
 

"Көлсай көлдері" ұлттық паркінің фототұзағына түскен Тянь-Шань қоңыр аюының видеосын жариялап отырмыз. Жануар камераны зерттеуге тырысқан еді...Еске салсақ, аюлардың бұл түрі Қазақстаннның Қызыл кітабына енгізілген", - делінген хабарламада.

 
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны