17.05.2012, 17:00 2923

Францияда 65-ші халықаралық Канн кинофестивалі жұмысын бастады

Биылғы байқау белгілі режиссер Уэс Андерсонның "Толық ай патшалығы" фильмінің көрсетілімімен ашылды.

Астана. 17-мамыр. Kazakhstan Today Францияда 65-ші халықаралық Канн кинофестивалі жұмысын бастады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Биылғы байқау белгілі режиссер Уэс Андерсонның "Толық ай патшалығы" фильмінің көрсетілімімен ашылды.

Биылғы байқау бағдарламасында 22 фильм көрсетiледi. Олардың арасында Дэвид Кроненбергтың "Космополис", Михаэль Ханекеның "Махаббат" және Кен Лоучтың "Періштелер үлесі" атты фильмдер бар. Канн фестивалінің басты жүлдесі "Алтын пальма бұтағы" - кино әлеміндегі ең беделді сыйлықтардың бірі саналады.

Негізгі сайыстағы фильмдерге баға беретін қазылар алқасын италиялық режиссер Нанни Моретти басқарады. Қазылар құрамында Голивуд актерлері Дайана Крюгер мен Юэн Макгрегор және кутюрье Жан Поль Готье мүше. Биылғы Канн кинофестиваліне Брэд Питт пен Анджелина Джоли, Шон Пенн мен Николь Кидман секілді жұлдыздар қатысады. Канн кинофестивалі 27 мамырда аяқталады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны