13.05.2013, 15:06 30907

G -Global қатысушыларының саны 2,5 млн адамнан асты

G -Global коммуникативтік алаңында 160 елден 2,5 млн-нан астам пайдаланушы бар, деп хабарлады Парламент Сенатының депутаты Серік Нөгербеков Орталық коммуникациялар қызметінің баспасөз мәслихатында.

Астана. 13-мамыр. Kazakhstan Today - G -Global қатысушыларының саны 2,5 млн адамнан асты, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

G -Global коммуникативтік алаңында 160 елден 2,5 млн-нан астам пайдаланушы бар, деп хабарлады Парламент Сенатының депутаты Серік Нөгербеков Орталық коммуникациялар қызметінің баспасөз мәслихатында.

"Бүгінгі таңда G -Global коммуникативтік алаңында 160 елден 2,5 млн астам адам жұмыс жасайды", - деді С.Нөгербеков.

Сонымен қатар, өткен жылы алаңда 70-тен астам ірі баяндама орналастырылды, олар G20 ұсыныстарының негізіне жатқызылды. Ағымдағы жылы 19 сәуірден бастап 19 мамырға дейін виртуалды форум жарияланған, онда Дағдарысқа қарсы конференцияның күн тәртібі және G20 ұсыныстар жобасы талқыланды.

Естеріңізге сала кетейік, G-Global коммуникативтік алаңы әлемдік экономика бойынша көпшілік, ашық және интерактивтік талқылаулар үшін әлемдік сараптық қоғамдастыққа жағдай жасайтын көп функционалды платформа болып табылады. Жоба әлемдік қаржы дағдарысынан шығу бойынша тетіктерді талқылауға және жасауға бағытталған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны